CaspianLife, 6 қазан — «Суши Тайм» тез тамақтану желісіне 986 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Еске сала кетейік, маусым айында бір үйдің үш адамы осы нысанның сушиін жеп, уланып қалған болатын.
Мамандар мұны кәсіп иесінің санитарлық талаптарды сақтамауымен байланыстырады. Ал 11 адамның донерден улануына қатысты тағы бір іс әлі қаралу үстінде.
«Осы іс-құжаттардың негізінде қыркүейек айының басында Атырау қалалық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасымен іс-құжаттар әкімшілік сотқа жолданған болатын. Әкімшілік соттың шешімімен жеке кәсіпкерге ӘқбтК 425 бабының 2 тармағына сәйкес 460 АЕК көлемінде айыппұл салынды», — деп мәлімдеді қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Бақытбек Хамза.