CaspianLife, 4 қазан — Атырау мұнай өңдеу зауытында жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын қарамастан мұнай өнімдерін шығару тоқтаған жоқ деп хабарлайды зауыттың баспасөз қызметі.
Алғаш рет Атырау МӨЗ-де технологиялық құрылғыларды кезекпен жөндеу жұмыстары басталды. Бұл мұнай өнімдерін шығаруды тоқтатпауға мүмкіндік береді. Жөндеудің мұндай тәсілі Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарында бұрын-соңды қолданылмаған.
«Бұл АМӨЗ тарихындағы ең күрделі жөндеу. Зауытта бұған дейін мұндай көлемдегі жөндеу жұмыстары болған емес. Жөндеу ұзаққа созылады. Құрылғылардың кейбірі 20 күнге жуық уақыт жөнделеді. Ал каталитикалық крекинг процесі жүретін ең күрделі қондырғы 45 күнге жуық уақыт жөндеуде болады. Біз «тізбекті» жөндеу тәсілін қолданудамыз. Яғни бір тізбек жөндеуде болғанда, екіншісі жұмыс істейді», — деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ мұнай өңдеу және мұнайхимия департаментінің директоры Дмитрий Макеев.
Алдағы уақытта, жоспар бойынша зауыт жұмыстары кезең-кезеңімен, бір жылда бір «тізбекті» жөндеуден өткізіледі. Жөндеудің мұндай тәсілі мұнай өңдеу көлемін ұлғатуға мүмкіндік береді. Осылайша зауыт ішкі жанар-жағар май нарығына әсерді азайтпақ.