CaspianLife, 19 қыркүйек — Атырауда белгісіз ер адам көпірден секіріп кетті деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
Оқиға 18 қыркүйек күні сағат 02:00 шамасында болған. Жергілікті полицейлер Жайыққа секірген ер адамды көріп бірден көмекке жүгірген. Тәртіп сақшыларының бірі құтқару жилетін киіп, батып бара жатқан азаматқа қарай жүзді. Оның әріптесі ер адамды жағаға шығаруға көмектесті.
Полицейлер есінен танып қалған азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетті.