CaspianLife, 13 қыркүйек — Атырауда 18 жастағы азамат бір уақытта үш рет жол ережесін бұзды деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары 13 қыркүйек күні сағат таңғы 05:42 шамасында бейнекамера арқылы Әбілхайырхан көшесі бойында Volkswagen Polo маркалы автокөлік жүргізушісінің көлік құралын мемелекеттік тіркеу белгісі жоқ күйде бағдаршамның қызыл түсінен өтіп, Құрманғазы көшесінде қарсы бағытына шыққанын байқап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.
Көлікті тоқтатып, жүргізушіні тексеру кезінде 18 жастағы азаматтың көлік басқару құқығы жоқ екені анықталды. Аталған факті бойынша азаматқа қатысты әкімшілік хаттамалар жинақталды.