CaspianLife, 7 қыркүйек — Атырау облыстық перинаталдық орталығында 22 жастағы Аянгүл Сәбитова үшемді дүниеге әкелді.
Нәрестелердің үшеуі де ұл, екеуінің салмағы 1 келі 800 грамм, ал үшіншісі 2 келі 200 грамм. Ананың да, сәбилердің де жағдайы жақсы. Қазіргі таңда аурухана дәрігерлердің бақылауында. Жас ана жүктіліктің 34 аптасында кесір тілігі арқылы үшемді дүниеге әкелді.
Атырауда биыл 114 егіз өмірге келсе, 2021 жылы 109 егіз дүние есігін ашты. Ал, үшем тіркелген емес.