CaspianLife, 6 қыркүйек — Атыраулықтар жолдағы тесііктер мен шұңқырлар туралы хабарлай алады.
Атырау қаласының прокуратурасы мемлекеттік органдардың қызметінде автокөлік жолдарының құрылысы, жөндеу және күтіп ұстау саласында тексеріс бастады.
Осыған орай қала тұрғындарынан жол жағдайына әсер ететін шұңқырлар, бұзылған аймақтар және өзге де заң бұзушылықтар бойынша қала прокуратурасына хабарлауын сұрады. Фото немесе видеоларды +77051005719 нөмірінің «Whatsapp» мессенджеріне жолдауға болады.