CaspianLife, 3 қыркүйек — Атырауда екі күнде екі бала терезеден құлады деп хабарлайды облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.
2 қыркүйек күні сағат 12:16 шамасында Құлсары қаласында 4-ші қабаттан 9 жасар бала терезеден құлап, ауыр жарақат алды. Ол дереу аудандық ауруханаға жеткізілді.
3 қыркүйекте сағат 16:20 шамасында Атырау қаласында 3 жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап, ол да ауыр жағдаймен ауруханаға жеткізілді. Анық болғандай, бала үйде ересектердің қарауынсыз қалған.