CaspianLife, 26 тамыз — Білім күнінде мектепте шар немесе көгершін ұшырып, аниматорларды жалдауға болмайды.
Оқу-ағарту министрлігі алғашқы қоңырауға аниматорларды, әртістерді шақыруға, мерекелік дастархан жаюға, мектеп ғимараты мен аумағын шарлармен безендіруге тыйым салды. Білім күніне орайластырылған салтанатты іс-шараға облыстың дамуына үлес қосқан азаматтар шақырылып, олардың қатысуымен сынып сағаттары өтеді жоспарланып отыр.
«Барлық білім беру мекемелеріндежемқорлық тәуекелдері болмас үшін және мәдениетті қалыптастыру үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал, ұстаздарға гүл сыйлау ата-ананың құзырында», — дейді Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенова.