CaspianLife, 12 тамыз – Атырауда 9 жасар қыздың тұсауы кесілді деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Альмира есімді қыздың «Қамқорлық» оңалту орталығында ем алып жүргеніне 2 аптадай болды. Бұған дейін 9 жасар қыз биыл 31 қаңтарда иттен қашамын деп сол жақ аяғын соғып алған. Кейін жамбас сүйегіне 78.15 және 79.15 кодты оталар жасалынып, 8 шілде күні жамбас сүйегінен имплантталған фиксаторларды алып тастау отасы жасалды.
Бүгінде дәрігерлердің көмегімен аяққа қайта тұрған Альмира қанағаттанарлық жағдаймен үйіне жіберілді.