CaspianLife, 11 тамыз — Атырау облысы әкімінің бірден екі орынбасары тағайындалды. Олар Қайрат Нұртаев пен Жасұлан Бисембиев. Екеуі де Атыраудың тумасы.
Қайрат Нұртаев Атырау мұнай-газ университетін және Батыс Қазақстан инженерлік гуманитарлық университетін тәмамдаған, сондай-ақ экономика және бизнес магистрі. Нұртаев Экономика және кәсіпкерлікті қолдау, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінде қызмет етті. 2019-2021 жылдары аралығында Құрманғазы ауданының әкімі болды. 2021 жылдың сәуірінен 2022 жылдың қаңтарына дейін Атырау облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды. 2022 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін «БатысАлянсстрой» ЖШС бас директоры болған.
Ал, Жасұлан Бисембиевтің Атырау облысында жұмыс істеп жүргеніне көп болды. Ол бұған дейін, әкім апапраты бөлімінің маманы және Атырау қалалық жастар орталығының басшысы қызметін атқарған. 2016 жылы Атырау облыстық жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары қызметіне тағайындалып, кейін сол басқарманы басқарды. 2020 жылдың маусымынан 2021 жылдың қыркүйегіне дейін Gathe Insaat компаниясының сыртқы байланыстар бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді. Былтыр қыркүйек айынан бастап «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ департаментінің директоры, наурыз айынан бүгінгі күнге дейін «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.