CaspianLife, 3 тамыз — Бүгін Б. Хаменова, А. Рысқалиев және Н. Адамовқа қатысты сот отырысының екінші процессі өтуде.
Сот барысында Хаменова тағылған айыппен келіспейтінін айтты. Ал, Рысқалиев Хаменова мен Адамов арасында тек делдалдық қызмет атқарғанын жеткізді. Ал, кәсіпкер Адамбаев өз кінәсін толықтай мойындады.
Хаменованың адвокаты айыпталушыны тергеу абақтысынан үй қамаққа ауыстыруын сұрады, алайда прокурор қарсылығын білдірді. Сот процессі түсте жалғасатын болады.