CaspianLife, 27 шілде – Жылыойдағы Береке ықшам ауданында 600 орындық мектеп салынады деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов тұрғындармен кездесіп, өзекті мәселелерің тыңдады. Берекеліктер ең басты мәселе орта білім беретін мектептің болмауынан балалар автобуспен қатынап отырғанын, мектеп салу мәселесі өзекті екенін атап өтті.
Өз кезегінде аудан басшысы Ж. Қаражанов Атырау облыстық құрылыс басқармасы үстіміздегі жылы 600 орындық мектептің қүрылыс жұмыстарын бастауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Сонымен қатар тұрғындар Береке ішінде көше жарығы, балалар ойын алаңы, спорт алаңдары жоқтығын айтқан болатын.