CaspianLife, 1 шілде — Жылыой ауданыда Құлсары қаласы мен бірнеше елді мекенде жарық сөнді деп хабарлайды жергілікті әкімдік. Бұған «KEGOK» АҚ-ның магистральді электр желілеріндегі кернеудің төмендеуі себеп болған.
«Атырау-Жарық» АҚ баспасөз қызметі 10 шілдеде сағат 21:24-те Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында №2 энергия блогы ажыратылғанын мәлімдеді.
Осыған байланысты Атырау және Маңғыстау облысының энергия жүйелері Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты (МАЭК) арқылы тұйықталған режимде жұмыс істеген. Ал, Ресеймен байланысты «KEGOC» АҚ-ның 220 кВЛ – 254.0 транзиттік желісі жөндеуде болған.
«Атырау облысында «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-нің №2 газ турбиналы генераторы ажыратылды. Соның салдарынан жиілік 49 Гц-ке дейін төмендеді. Осыған орай электр желісіндегі бұзушылықтың одан әрі ушығуына жол бермеу мақсатында тұтынушыларды автоматты түрде ажырату үшін аварияға қарсы жиілікті арттыру іске қосылды. Ал, «Атырау Жарық» АҚ-ның электр желілерінде тұтынушыларды кезекпен ажыратуға байланысты шектеулерді енгізетін шаралар қабылданды», — деп хабарлады АҚ баспасөз қызметі.
Ал 11 шілдеде сағат 01:03-те электр желісінің сенімділігін қамтамасыз ету үшін Ресеймен байланысты ВЛ-220кВ Л-254.0 транзиттік желісі іске қосылған.