CaspianLife, 10 шілде — Облыс әкімдігінің алдындағы фонтан жуықта іске қосылады. Оны қосу жұмыстары балықтардың уылдырық шашуына кедергі болмас үшін шілде айында басталыпты.
Техникалық ақау болмаса, фонтан бірер күнде қолданысқа берілмек. Естеріңізге салайық, екі жыл бұрын осы фонтанды орнату үшін 800 млн теңге қаржы жұмсалған еді.
“Дайындық жұмыстары 1-2 күн уақытты алады. Техникалық ақаулар болмаса 2-3 күнде қосамыз”, — дейді Атырау қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Нұрбек Монтаев.
Айта кетейік, мекеме қарамағында 30 субұрқақ бар. Қазіргі уақытта оның 95%-ы жұмыс істеп тұр.