CaspianLife, 7 шілде — Атырау облысында бір тәулікте 9 адам COVID-19 жұқтырған, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 9 науқас анықталды. Науқастардың барлығы Атырау қаласында расталды. 8 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 1 адамда ауру белгілері жоқ.
Қазір 35 адам үй жағдайында, ал № 2 Атырау облыстық ауруханасында 21 науқас ем қабылдауда.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.