CaspianLife, 4 шілде — Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолында автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысып, салдарынан автобус аударылды деп хабарлайды Атырау облыстық полиция департаменті.
Оқиға 3 шілде күні таңғы 9:00 шамасында болған. Жол апатынан түрлі деңгейде жарақат алған 6 адам ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.