CaspianLife, 1 шілде — Атырауда Тұрғын үй қалашығы мен Авангард ықшам ауданын қосатын автомобиль көпірін жөндеу жұмыстары бүгін аяқталады. Яғни алдағы 1-2 күнде жолдың толық ашылуы әбден мүмкін.
Мамандардың сөзінше көпір бетіндегі 2000 шаршы метр жердің ескі асфальті алынып, жаңасы төселген. Енді тек жаңа жол төсемесінің дегдіп, ТҮКШ мамандарының қабылдауынан өтуі қалыпты.