CaspianLife, 29 маусым — Ақтаудағы №3 автобус басқа бағытпен жүртеін болады. Оның себебі дол қауіпсіздігін сақтауда деп хабарлады ҚКО.
Бұған дейін ақтаулық желі қолданушылары 19 шағынаудандағы «Ханшайым» тұрғын үй кешеніне №3 автобус келмей жүргенін айтып, облыс әкімдігіне сауал жолдаған болатын. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдерінің айтуынша, аталған шағынаудан мен 30 шағынаудан қиылысында көп көлік жүрісі жиілеп кеткен. Ал, автобус олардың қозғалысына кедергі келтірп, апатты жағдай туғызуы мүмкін дейді, мамандар.
«Осыған байланысты полиция басқармасынан да жол қауіпсіздігін сақтау бойынша нұсқаулық түскен болатын. Қазір аталған шағынаудандар аралығында аудандық №107 автобусы қатынайды. Алда жаңадан маршруттар жүргізу мәселесі де қарастырылады», — дейді қызметкерлер.