CaspianLife, 29 маусым — Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы маусым айында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтап, жолын кесу үшін іс-шаралар жүргізген болатын. Нәтижесінде 3 азаматтың 1520 бөтелке алкоголь, 2000 л дизельдік отын және 260 қорап темекі өнімдерін заңсыз сатқандығы анықталды.
Аталған істің материалдары қалалық сотқа жолданды. Осындай акцизделетін өнімдердің заңсыз сатылымын шектеу үшін шаралар ары қарай да жалғасатын болады дейді Мемлекеттік кірістер басқармасы.