CaspianLife, 24 маусым — Ақтауда 97 ұстаз жетіспесе, Жаңаөзендегі мектептерге 81 оқытушы қажет. Ал, жалпы облыс бойынша 229 мұғалім жетіспейді. Бұл туралы облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Динара Жұмашева мәлімдеді.
Бүгінде ұстаз жетіспеушілігі туындаған өңірлерге оқытушыларды тарту үшін арнайы комиссия құрылып, конкурс ұйымдастырылды. Жұмашеваның айтуынша, әзірге 13 мұғалім өтініш берген. Байқауға қатысуға ниет білдірген ұстаздар тест тапсырып, эссе жазуы қажет.
«Іріктеуден сүрінбей өткен ұстаздарға 150% үстемақымен жалақы қарастырылған. Олардың «педагог-сарапшы», «оқытушы-зерттеуші», «оқытушы-шебер» біліктілік санаттары бойынша тиісті жоғары педагогикалық, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болуы керек», — деп түсіндірді маман.