CaspianLife, 14 маусым — Жылыой ауданының тұрғыны былтыр есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен ұсталып, аудандық сот үкімімен бес жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда айыпталушы өзінің жазықсыз екенін айтып, апеляциялық сотқа шағымданыпты. Бірақ одан да нәтиже болмай, кейін Жоғары сотқа шағымданған.
«2021 жылғы 18 маусымда полицейлердің заңсыз әрекеті нәтижесінде жазықсыз қамалып, 5 жылға жаза арқаладым. Менің кінәсіз сотталуым ең бірінші анама ауыр тиді. Сондықтан заң алдында адалдығымды дәлелдегім келіп, қорғаушымның көмегімен ҚР Жоғары сотына арыздандық», — дейді айыпталушы.
Толықтай ақталып шыққан азамат Жоғары сот қаулысымен жазадан босап, бүгінде қызметіне қайта орналасқан. Жазықсыз айып арқалаған ол алдағы мақсаты отбасылы болып, жалғыз анасының үмітін ақтау екенін айтады.