CaspianLife, 13 маусым — Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай сот шешімімен 153 мың теңге көлемінде айыппұл төледі. Шенеунікті ақтаулық кәсіпкер жер телімін жалға алу мерзімін заңсыз ұзартпай отыр деген айыппен сотқа берген. Бұл туралы Маңғыстау облысының сотының баспасөз қызметі хабарлады.
«2 маусымдағы шешім бойынша Нұрдәулет Қилыбайға 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды. 13 маусымда айыппұл төленді», — деп мәлімдеді облыстың мамандандырылған ауданарлық әкімшілік сотының судьясы Мұхит Мукашев.