CaspianLife, 9 маусым — Ақтауда 15 миллион теңгеге орнатылған жасанды қызғалдақ алқабының орны қазір қаңырап бос тұр. Былтыр қазан айында қала әкімдігі арнайы тапсырыспен пластик гүлдер еккен еді.
Шенеуніктер жасанды гүлзар түнде жарық шамдарымен безендіріліп, қалаға көрік береді деп сенген. Алайда миллиондар жұмсалған жасанды гүлдердің көп ұзамай тоқтары үзіліп, мүлдем жарамсыз болып қалды.
Қызғалдақтар алқабы кәдеге аспаған соң оның орнына пластик көгал қойылған. Бірақ, ол да балалардың ойын алаңына айналып, бұрынғы кебін қайта киген.