CaspianLife, 9 маусым — Еуразиялық экономикалық комиссияның мәлімдеуінше, Қазақстан ЕАЭО елдері арасында жалақының өсімі бойынша көшбасшыларының біріне айналды.
Осы жылдың I тоқсанында орташа айлық номиналды еңбекақы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Еуразиялық экономикалық одақтың барлық елінде көтерілді.
Оның мөлшері Қырғызстанда 21 мың сомнан (234 доллар) Ресейде 60 мың рубльге (709 доллар) дейін құрады.
Номиналды және нақты жалақы бойынша ең жоғары өсім Қазақстанда тіркеліп отыр – тиісінше 123,7% және 112,7%. Екінші орында – Беларусь (117,1% және 104,5%).