CaspianLife, 27 мамыр — Ақтаулық азамат алимент төлемегені үшін бір жылға қамауға алынды. Аталған қылмыстық іс 4 ата-ананың үстінен қозғалды. Олардың балаларының алдындағы қарызы 200 млн тг-ге дейін жетеді. Бұл туралы қалалық прокуратура мәлімдеді.
Жыл басынан бері сот үкімін орындамағаны үшін 9 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Бүгінде Ақтауда 8000-нан астам бала алимен алуы қажет. Ал борышкерлердің қарызы 200 млн тг-ден асты», — деп хабарлады прокуратура өкілі.
Сондай-ақ, алимент өндіру туралы атқару құжаттары прокуратураның ерекше назарында екені айтылды. Сәуір айында Ақтау қалалық сотының үкімімен Ақтау қаласының тұрғыны қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.