CaspianLife, 26 мамыр — Ақтауда бір топ жігіт полиция қызметкерімен төбелесті. Облыстың ПД-нің мәліметінше, оқиға 25 мамырда сағат 23.10 шамасында Самал шағынауданындағы жағалауда, «Монако» мекемесіне қарама-қарсы болған.
Тәртіп сақшылары бұл деректің мектеп бітіруші түлектерге қатысы жоғын айтты.
«Аумаққа жауапты полицейлер дер кезінде жағдайдың алдын алды. Жастар ешқандай арыз жазбады. Олармен арада профилактикалық әңгіме жүргізілді», — деп қорытындылады ведомство өкілі.