CaspianLife, 17 мамыр — Маңғыстау облысының электр энергиясы үшін қарызы 2 млрд теңгеден асады. Бұл туралы «Маңғыстау Жарық» ЖШС-нің басшысы Ермек Давлетпаков облыс әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаровпен өткен жиналыста мәлімдеді.
Жиында коммуналдық мәселелермен қатар, 2022-2023 жылдары жылу беру маусымына дайындық талқыланды.
Серіктестік директорының сөзінше, жарықтың ақшасын әсіресе мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар төлемейді. Мәселені сотқа дейінгі тәртіппен шешсе де, нәтиже шықпаған. Сондықтан, осы жылдың маусым айынан бастап борышкерлердің нысандарын жарықсыз қалдыратын болады.
«Борышкерлер алдағы 25 мамырға дейін қарыздарды өтемесе, 1 маусымнан бастап электр энергиясынан ажыратамыз», — деді компания директоры.