CaspianLife, 3 мамыр — ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының ведомствоаралық тергеу-жедел тобы Жамбыл облысында мерзімді әскери қызметші Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша күдіктіні ұстады. Аталған іске сарбаздың әскердегі әріптесі кінәлі болуы мүмкін.
Күдіктіні ұстауға куәгердің айғақтары мен сот-медициналық сараптаманың қорытындысы себеп болды. Іске қатысты материалдар сотқа жіберілді.
Еске сала кетсек, әскерге кеткен ақтаулық сарбаз бірнеше күннен кейін қаза тапқан болатын. Қарулы Күштердің Бас штабы анықтау барысында гематомалар табылмағаны туралы хабарлады. Қайтыс болған сарбаздың туыстары адал тергеу жүргізуді талап етті. Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстың себебін анықтауды тапсырды.