CaspianLife, 3 мамыр — Биыл Атырауда ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмай жатқан 80 мың гектар жер мемлекетке қайтарылмақ. Бұл тізім қазір жер ресустарын басқару комитетіне жолданған. Ал республика бойынша биыл мемлекет иелігіне кемінде 5 млн гектар жер қайтарылуы тиіс. Бұл мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы. Мамандар шұрайлы жерді пайдаланбай босқа ұстап отыру — шаруашылығын дөңгелетем деген азаматтарға кедергі екенін айтады.
«Жер учаскесін игерілмей отырған шаруа қожалықтарының өз еріктерімен пайдаланбаған жағдайда қайтаруын сұраймыз. Себебі, пайдаланылмаған жер учаскесіне 10 еселенген салық жүреді. Сонымен қатар сот арқылы мәжбүрлеп қайтаруға болады», — дейді жергілікті Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Гүлзия Құрманова.
Енді мамандар жер учаскесіне аяқтай бармай-ақ оның тиімді не тиімсіз пайдаланаланылып отырғандығын ғарыштық түсірілім арқылы анықтай алады. Жоба жаз айында іске қосылады деп жоспарланып отыр.