CaspianLife, 8 ақпан — Қазақстанда барлық оқушы 14 ақпаннан бастап мектепке оралады. Мұндай шешім коронавирус инфекциясыың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды.
Жиын кезінде мектептердің толық офлайн оқыту форматына көшуі туралы мәселе талқыланды.
«Нәтижесінде 2022 жылдың 14 ақпанынан бастап барлық сыныптың оқушылары дәстүрлі оқыту форматына көшеді», — деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне Қазақстанның білім және ғылым министрлігі.
Айта кетері, ВАК-тың бұған дейінгі отырысының қорытындысы бойынша 2022 жылдың 24 қаңтарынан бастап 600-ге жуық оқушысы бар мектептер толыққанды офлайн оқытуға көшті.
600-ден астам оқушысы бар мектептерде офлайн оқыту негізінен 1-4 сынып оқушылары үшін жүргізілді.