CaspianLife, 5 қазан – Бүгін өзен жағасындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолақта Армениядан әкелінген «Нonda Odyssey» маркалы көліктің тұрғаны анықталған.
Көліктің оң жағы бүлінген, май аққан. Кейін транспорттың жағалаудағы шойын қоршауды қиратқаны белгілі болды. Осыған байланысты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі көліктің Маңғыстау облысында тіркеуде тұрғанын мәлім етті.
«Қазір оқиға орнына анықтаушылар жіберілді. Көлік жүргізушісі іздестіріліп жатыр», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.