Ақпан айында қолданыстағы пәтерлерді қайта сату құны 3,1%-ке – бір шаршы метріне 252,3 мың теңгеге дейін, ал жаңа үйлердің бағасы 1,2%-ке, 323 мың теңгеге дейін өсті. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды. Өткен жылдың ақпан айымен салыстырғанда қолданыстағы тұрғын үй 20%-ке қымбаттады. Жаңа пәтерлердің бағасы 2020 жылдың ақпанымен салыстырғанда 8%-ке көтерілді. Сонымен қатар, қолданыстағы тұрғын үйді жалға алу төлемі 1,6%-ке артты, өткен жылдың ақпанына қарағанда өсім – 11,3 %. Аренда орта есеппен бір шаршы метр үшін 1 714 теңгені құрады. Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр тұрғын үй құрылысының қарқыны 11,2%-ке өскенін мәлімдеп, мұны жақсы көрсеткіш деп атады. Алайда пайдалануға берілген…
Автор: Сайт әкімшілігі
Facebook құрамындағы танымал WhatsApp мессенджерінің командасы ескі iPhone-дарды қолдауды тоқтатуға дайындалып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ixbt.com сайтына сілтеме жасап. WhatsApp-тың IOS-қа арналған жаңа бета-нұсқасында iOS 9 операциялық жүйесіне қолдау жоқ. WhatsApp тарапынан осындай өзгеріс 2020 жылдың ақпанында болғанын атап өткен жөн. Содан кейін WhatsApp қосымшасы Android операциялық жүйесінің 2.3.7 және iOS 8, сондай-ақ, олардан да ескі нұсқаларымен смартфондағы жұмысын тоқтатқан болатын. WhatsApp-та әзірге жаңа шектеулер пайда болған жоқ. Ал iOS 9-ды қолдауын тоқтату туралы шешім кейінірек ресми түрде жариялануы керек. WhatsApp сайтындағы анықтамада қазір Android 4.0.3 және одан жаңа нұсқалар, iOS 9-дан жаңа, KaiOS 2.5.1 және одан жаңа нұсқалар жұмыс істеп тұрғаны…
«Атырауда 27 адамнан коронавирус анықталды» . Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 3 адам тіркелген. Теңіз кенішінде 24 адамнан инфекция анықталған. Covid-19 инфекциясын жұқтырған 6 науқаста ауру симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 85 адам емделіп шықты. Айта кетейік, қазіргі уақытта 99 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 70 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 21 адам ем қабылдауда. Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 245 адам ем қабылдауда. 9 наурыздағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары және Батыс Қазақстан, Атырау, Ақмола және Павлодар облыстары «сары» аймақта тұр. Ал қалған өңірлер – «жасыл»…
Қаулы 2021 жылғы 9 наурызда сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енеді. «Атырау облысындағы шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 ақпандағы №3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107-баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары мен пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішіндегі карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына, «Қазақстан Республикасының…
Бұл туралы Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев айтты. Спикердің айтуынша, Атырау қаласы маңындағы Талғайраң ауылында биыл облыстық көпбейінді аурухана құрылысы басталады. 350 керуеттік жаңа ауруханаға Атырау облыстық перинаталдық орталығы көшіріледі. «Ал, қолданыстағы облыстық перзентхана ғимараты №1 Атырау қалалық емханасына беріледі. Перзентхананың екінші көпқабатты ғимараты дәрігер мамандар үшін баспана тұрағы түрінде қайта жасақталады» деді Асхан Байдуалиев.
Ақтауда полиция адамдарды эвакуациялап, ауруханадағы өртті сөндірді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды. Ақтау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальоні қызметкерлері 7 наурызда сағат 23:20-да Маңғыстау облыстық ауруханасына адам жеткізген. «Осы кезде олар қабылдау бөлімінің ішінен жарылыс болғанын естіген. Сол кезде іштегі адамдар арасында дүрбелең пайда болған. Алайда полиция лейтенанттары – Н.Әзімхан, Ж.Ниязбеков еш сасқалақтамай не болғанын қарау үшін ғимаратқа кірген. Іште жалынды көрген соң адамдарды құтқару үшін сыртқа шығаруға кірісіп, бірден өрт сөндірушілерге және рота командиріне хабарлап үлгерген», делінген хабарламада.
Атырау, Caspian Life. Оқиға Махамбет ауданы, Ақтоғай ауылында болған. Атырау қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлім еткендей, 5 наурыз, сағат 18:33-те Махамбет аудандық №11 өрт сөндіру бөліміне Салықов көшесі бойындағы бір үйден төрт адамның мүрдесі табылғандығы туралы хабарлама келіп түседі. Болжаммен қаза болу себебі — көмір қышқылгазына улану. Оқиға орнына Махамбет ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жеткен кезде, 1974 және 1991 жылы туған ер азаматтар мен 1977 жылғы әйел және 2016 жылы туған қыз баланың қаза болғандығы анықталды. Қазіргі таңда аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен полиция қызметі жұмыс жасауда.
««ССЕР» компаниясының автотұрағындағы автобустардың бірі өртенді. Өрт бірден жанында тұрған 4 автобусты шарпыды. Жалынды сөндіруге «Теңізшевройл» компаниясының өрт сөндіру қызметінен 30 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды. Өрт жергілікті уақытпен сағат 21:00-де толық жойылды» деп хабарлады «ССЕР» компаниясының өкілі Орақ Бисембиев. Мәлім етілгендей, оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
«Қазақстан халық партиясы» зейнетақы мәселесін көтерді. Оның ішінде партия мүшелері әйелдер мен еркектердің зейнет жасын төмендетуді ұсынып отыр. Себебі, дамыған елдерде зейнетке шығу жасы орта есеппен 56-ны құрайды. Бұл табысы жоғары елдерде лайықты зейнетақымен өмір сүру үшін жасалған жағдай. Сондай-ақ, бәсекеге кабілетты экономиканың жемісі. Жиында зейнетақы жинақтарының ашықтығы тақырыбында да қозғалып, төлемдерді жақсарту бойынша қатысушылар өз ұсыныстарын орта салды. Дегенмен, қазір зейнетке шықпаса да қордағы ақшасын тиімді жұмсау үшін бірқатар іс-шара қолға алынған. Мысалы шоттағы ақшасына үй сатып алуға немесе сырқатын емдеуге жұмсауға болады. Айта кетейік, ҚР заңнамасына сәйкес 2018 жылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасына 6 ай қосылып отырады.…
Балық қорғаушылар үшін аса мазасыз шақ келді. Олар сірескен мұзды ойып, балықтарға ауа жіберумен әлек. Жылда бұл уақытта мұздың көбесі сөгіліп, су маржандары тұщы сулы өзен-көлдерге ұмтылатын. Қазір мұздың қалыңдығынан қозғалыс тоқтап тұр. Бүгінде облыстағы өзендер мен су арналарынада 2000-нан астам ойық пен үкі дайындалды. Оларды балық қорғау инспекциясының мамандары табиғат пайдаланушылар мен волонтерлердің көмегімен үнемі бақылауда ұстайды. Волонтер демекші, өзен үстіндегі әбігерді пайдаланған төңіректегі ауыл тұрғындары да жаппай балық аулауға шыққан. Олар үкі ойып жүрміз деген желеумен жасырын ауларын жағалай құрып тастайды екен. Инспекторлардың жұмысы сол тәулігіне айдын бетінен 30-40 ау-құралын алады Енді аз күнде сең сөгіліп теңіз балықтарының…
