Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «сары» аймақта. Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 4 адам тіркелген. Теңіз кенішінде 35 адам болса, Құрманғазы ауданында 1 адамнан инфекция анықталған. Covid-19 инфекциясын жұқтырған 7 науқаста ауру симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 27 адам емделіп шықты. Айта кетейік, қазіргі уақытта 101 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 67 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 18 адам ем қабылдауда. Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 263 адам ем қабылдауда.
Автор: Сайт әкімшілігі
Ақтаулық кәсіпкер Максим Ефанов 2 мыңға жуық шаян өсіріп отыр. Ерекше кәсіпті өткен жылы қолға алған кәсіпкер бүгінге дейін 2 тоннадан астам шаян өсірген. Бір қызығы ол жәндіктерді өсіруді ғаламтордан үйренген. «Былтыр бастағанда 300 келідей сатып алдым. Қазіргі таңда 5 адамды жұмыспен қамтып отырмын. Қалаға супермаркеттерге, мейрамханаларға апарамын. Шаяндар тамақтануға тек түнде ғана шығады, олардың арнайы тамағы бар»,-дейді кәсіпкер. Максим шаянды өсіру үшін Ақшұқыр ауылында 5 бассейнді қолдан жасаған. «Олар таза суларда, әсіресе, шағын өзендер мен ағынды суларда көбірек кездеседі. Балық секілді желбезегімен демалады. Әуелі ауыл шаруашылығы министрлігі экспертизалар өткізіп, келісімін берген болатын. Алдағы уақытта шаян санын 15-20 тоннаға дейін…
Осы жылдың алғашқы екі айында Қытайдан экспортталатын тауар көрсеткіші рекордтық 60,6% — ға өсіп, 500 миллиард долларға жуық соманы құраған. Бұл туралы неміс БАҚ өкілдері хабарлады. Бұл өткен жылдың алғашқы айларымен салыстырғандағы көрсеткіш. 2020 жылдың ақпан айы экономикаға әсер еткен қатаң карантиндік шаралар кезеңі болатын. Сол кезде көптеген ел қауіпті деп таныған Қытай тауарларынан бас тартты. Алайда, көктемде Қытай пандемияны жеңіп, Еуропа мен Америка керісінше карантин енгізе бастады. Осылайша өткен жылдың қорытындысы бойынша Қытай жалпы ішкі өнім өсімін көрсеткен әлемдегі жалғыз ірі экономика болды. Экспорттың тез өсуінің себебі – Қытайдың пандемия жағдайында талап етілетін тауарларды көп мөлшерде өндіруі. Атап айтқанда,…
Атырау облысында мұғалімдерді коронавирусқа қарсы вакцина салу басталды. Нақтырақ айтқанда, №4 қалалық емханада 6 білім беру мекемесінің қызметкерлеріне екпе салынды. Осыдан 4 күн бұрын өңірге 2 мың доза «Гамковидин» вакцинасы жеткізілген еді. Қазір ұстаздар мен тәрбиешілердің арасында түсіндірме жұмыстары қызу жүргізілуде. Вирусқа қарсы екпені қабылдағандар жарты сағат дәрігердің бақылауында болды. Кейін ақхалаттылар қандай да бір кері әсер байқалған жағдайда жақын жердегі емханалардың көмегіне жүгінуге болады деп кеңестерін беріп жатыр. Вакцина қабылдағандардың арасында білім беру басқармасының басшылары да болды. Вакцинация жұмыстары қарқынды жүріп жатқан мекемелердің арасында қаладағы №4 емхана да бар. Емхана директорының айтуынша, 6 наурызда 180-ге жуық вакцина келген. Мұндағы…
Микронесие ұйымы кеңсесіне тағы да қарашылық шабуыл жасалды. Мұндай оқиға биылдыққа осымен екінші рет болып отыр. 5 наурыз күні қаладағы Вокзал маңы ышқам ауданында орналасқан микронесие ұйымы кеңсесінің кассирін медициналық бетперде киген белгісіз азамат пышақпен қорқытып, 400 000 теңгені алып кеткен. Гүлназира МҰХТАРОВА, Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қылмыстың ізін суытпай 25 жастағы күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодекстің 192 бабы 1 бөлігі бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Атырауда мереке күндері мас күйде рульге отырған екі әйел жүргізуші куәлігінен айырылды. Бұл туралы Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. Баспасөз мәліметінше, 7-8 наурызда патрульдік полиция қызметкерлері мас күйде көлік басқарған 2 әйел ұсталған. «Мәселен, 7 наурызда түнгі сағат 02:30 шамасында Ә.Молдағұлова көшесінің бойында «Toyota Ipsum» автокөлігі тоқтатылды. Тексеріс кезінде аталған автокөліктің 40 жастағы жүргізушісінен ішімдіктің иісі байқалған. Ал, 8 наурызда таңғы сағат 05:30 шамасында Вокзал маңы-5 шағын ауданынан тоқтатылған «Toyota Camry» автокөлігінің жүргізушісі – 39 жастағы әйелден алкогольдік ішімдіктің иісі шыққан» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен. Медициналық сараптаманың корытындысымен екі жүргізушінің де жеңіл дәрежедегі мас екендігі анықталған. Мас күйде…
Талғайраңда көпбейінді аурухана салынатын болды. Дегенмен бұдан бұрын жоба белгісіз мерзімге шегерілді деп хабарланған болатын. Құрылысты осы жылдың аяғында бастау жоспарланған. Бұл туралы azh.kz хабарлайды. — Облыстық аурухана мен облыстық перинаталды орталық Талғайраңға көшеді. Ал облыстық аурухана ғимаратында 200 кереуеттік қалалық жедел жәрдем ауруханасы жұмыс істейтін болады. Қазір ғимаратты жобалау жұмыстары жүргізілуде, жаз аяғына дейін барлық құжат дайындалып, жыл аяғына қарай құрылыс басталады, — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Асхан БАЙДУАЛИЕВ. Перинаталды орталықтың қазіргі ғимаратын жөндеуден кейін №1 емханаға айналдыру жоспарланған. Біздің 8 емхананың 2-уі: Геологтағы және Нұрсаядағы №7 емхана ғана типтік стандарттарға сай келеді. №1 емхана облыстық ауыл шаруашылығы…
Облысқа қарасты республикалық маңызы бар жолдарда 1 наурыздан сәуірдің біріне дейін жүк көліктердің жүруіне уақытша шектеу енгізілді. Нақтырақ айтсақ, бір осьтік жүктемесі 8 тоннадан асатын темір тұлпарларға тас жолда жүйіткуге тыйым салынды. Себебі қыстан жаңа шыққан жол жабындыларының жүкті көтеру қабілеті төмен болады дейді мамандар. Дегенмен бұл шектеулер төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралармен айналысатын және зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсететін көліктерге қолданылмайды. Сондай-ақ, азық-түлік, дәрі-дәрмек тасымалымен айналысатын көлік құралдарына еш кедергі жоқ.
Атырауда карантиндік талаптар тағы да жеңілдетілді. Бұдан бұлай облыстағы сауда орталықтары мен базарлар демалыс күндері де ашық болады. Бұл бас санитар дәрігердің жаңа қаулысында көрсетілген. Сонымен қатар, жаңа құжатта мектептерге де қатысты үлкен өзгеріс бар. Нақтырақ айтсақ, қазір кезекші сыныпта білім алып жатқан оқушы саны 15-тен 25-ке ұлғайтылды. Яғни, 1шіден 5-ші сыныпқа дейінгілердің қатары он оқушымен толықты. Ал 9 бен 11-ші сыныптар аралас форматта оқытыла бермек. Мұны білім беру басқармасындығылар білім сапасын арттыру үшін жасалған қадам дейді. Жаңа қаулыға сәйкес, балалар түзету кабинеттері, үйірмелер мен арнайы курстар да штаттық режимге көшеді. Бірақ, әр топта бала саны 15-тен аспауы қажет. Сонымен…
Ақбөкен мүйіздерін Қазақстаннан Қытайға жаппай сатуды ұйымдастырғаны үшін ұйымдасқан қылмыстық топтың12 мүшесіне қатысты үкім шығарылды. Қылмыстық бизнес 2018 жылдың жазынан басталған. Киік мүйіздері қытайлық шығыс медицинасымен айналысатындарға сатылған. Мүйіздерді Қазақстанның әр аймағындағы браконьерлерден жаппай сатып алып, Қытайға жеткізіп отырғаны анықталды. 2019 жылдың қазан айында ҰҚК қызметкерлері Алматы, Ақтөбе және Атырау қалаларында қылмыстық топты құрықтады. Тінту кезінде ақбөкеннің бір тонна 118 келі мүйізі тәркіленді. Сурет: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Ұйымдасқан қылмыстық топтардың заңсыз қызметінен мемлекетке келтірілген зиян — бес миллиард 665 миллион теңгені құрады. Қылмыстық топ мүшелерін ұстау кезінде істі «жасыру» үшін ірі көлемде пара бермек болған. Сот 12…
