Атырау темір жол вокзалының ғимараты кеңейтілмекші. Қазіргі таңда нысанның сыйымдылығы 3000 адамды құрайды. Вокзал басшысының айтуынша, кеңейту жұмыстары аяқталғаннан кейін бұл жердің сыйымдылығы екі есеге артпақ. Сонымен қатар, Атырау – Құрманғазы бағытында жолаушылар пойызын қайта жүргізу де жоспарланып отыр екен. Егер ол жүзеге асса жолаушылардың саны көбейе түспек. Бұл әзірге жоба ғана. Мамандардың айтуынша, автобекет ҚТЖ ұлттық компаниясының балансына алынғаннан кейін жүзеге асырылады. Айта кететін жайт, қаладағы вокзал ғимаратынның салынғанына 50 жылға жуықтаған. Және оның бастапқы сыйымдылығы 500 адамға шақталған.
Автор: Сайт әкімшілігі
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов дене шынықтыру мұғалімдеріне қосымша ай сайын 17 мың теңге ақы төленетінін айтты. – Бес жылдың ішінде барлық мектепте спортпен айналысуға жағдай жасалады. Сондай-ақ дене шынықтыру мұғалімдеріне секциялар мен үйірмелер өткізгені үшін қосымша ай сайын 17 мың теңге ақы төленеді, – деді Аймағамбетов. Министр математика, тілдер және информатика пәндерін оқытуға ерекше басымдық берілетінін атап өтті. – Оқулықтардың сапасын жақсарту үшін алғаш рет үлгілік оқу бағдарламаларын сараптаудан және апробациядан өткізіп, оқулықтарды дайындау, сараптау мен басып шығарудың жаңа үлгісі енгізіледі, – деді ол.
Бүгінде елімізде 1 литр бензиннің орташа бағасы – 160 теңге. Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Қазақстанда бензиннің қымбаттауына қандай факторлар әсер етенінін айтты. Бұл туралы inbusiness.kz хабарлайды. «Қазақстанның ішкі нарығында жанар-жағармай бағасы сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады. Яғни бағаны нарық реттейді», — деді Әсет Мағауов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, бензин бағасына Қазақстандағы мұнай құны мұнай өңдеу қызметі, салықтар мен акциздер, зертханалық сынақтар мен қоспалар бойынша шығындар, банктік қарыздар бойынша қызмет көрсету, тауарларды тасымалдау және тағы басқа ілеспе шығындар әсер етеді. «Ал тұтынушылар үшін бензиннің түпкілікті бағасы мұнай өнімінің көтерме құны, жанар-жағармай құю автостанциясына дейінгі көлік шығыны, бөлшек…
Оқу үлгерімі нашар балаларға арналған жазғы мектептерді іске қосу жоспарланып жатыр, — дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды. Оқу үлгерімі төмен оқушылар мәселесіне назар аудара отырып, білім сапасын қалпына келтіру шараларын жүзеге асыру ісін жалғастырамыз. Пандемияға байланысты, әрине, білім сапасы төмендеді, сондықтан біз оқушыларымыздың білімін жетілдіру үшін жұмыс істейтін боламыз. Оқу нәтижелері төмен оқушыларға арналған демалыс кезіндегі оқу мен жазғы мектептердің ұлттық бағдарламасын іске қосу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, осы жұмыс шеңберінде біз жеке білім беру ұйымдарына қосымша білім алуға мүмкіндік беру үшін конкурстық негізде мемлекеттік тапсырыс орналастырамыз, — деді министр. Ол елімізде…
Атырау қаласы ауа ластануы бойынша төрттікте тұр. Energyprom.kz сайтының мәліметіне сүйенсек, біздің алдымызда Алматы, Ақтөбе және Рудный калалары тұр. жергілікті экологтар Облыстың мұндай рейтингке енуінің бірден бір себебін мұнай өндіретін және өңдейтін кәсіпорындардың көптігімен түсіндіреді. Өзге қалалар да өнеркәсіп пен адами факторлардан зардап шегіп отыр. Экология департаментіндегілердің айтуынша, былтыр қоршаған ортаға кәсіпорындардан 150 мың тонна қалдық шығарылған. Сырым ТІЛЕГЕНОВ, Атырау облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Бізде 1 санатқа жататын кәсіпорын 150-ге жуық. Соның ішінде тең жартысы облыстағы мұнай өндіріп, мұнай өңдеумен, тасымалдаумен айналысады. Сол себептен аталған кәсіпорындардың атмосфералық ауаға зиянды газ бөлуге айтарлықтай зиян келтіруде. Өткен жыл бойынша мемлекеттік экологиялық…
Қаныш Сатпаев даңғылының бойында орналасқан жаяу жүргіншілер өткелі 1 жарым айдан кейін ресми түрде пайдалануға беріледі. Оның құрылысы 3 жыл бұрын басталған еді. Қалалық құрылыс бөліміндегілердің айтуынша, жобаға өзгерістер енгізілуіне байланысты өткелді пайдалануға беру мерзімі кешеуілдеген. Елдос ДУЙСЕНОВ, Атырау қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Жобалық-сметалық құжаттамада, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус және лифт қаралмауына байланысты жобаны қайта жасақтауға жолданды. Қазіргі уақытта құрылысымен қоса түзетулер аяқталып, рұқсат беру рәсімдері жүргізілуде. 2021 жылдың, үстіміздегі жылдың мамыр айында іске қосамыз деген жоспарда бар. Іске қосылғаннан кейін, академия аумағында орналасқан жаяу жүргінші жолағы алынатын болады. Жаяу жүргіншілерге арналған жаңа өткелдің құрылысына қалалық бюджеттен 216…
Атырау мектептері офлайн оқуға дайын болмай шықты. Үшінші тоқсанның соңына қарай енгізілген қаулыда әр сынып 25 баладан қабылдауға қауһарлы болуы қажет тұғын . Дегенмен кешелі бері білім ұяларында дүрбелең болып, ата-аналар олқылықты әлеуметтік желілерде жарыса жазуда. Біздің түсірілім тобы мәселені білмекке білім ордаларына барып көрген еді, баласын жетектеген ата-ананың мектеп дайындығына көңілі көншімеді . Мектептерде таң ата басталған алашапқын білім беру басқармасындағылардың шақшадай басын шарадай қылған секілді. Мектептердің офлайн оқуға дайындығын облыс әкімінің орынбасары да сынға алды. Бақытгүл ХАМЕНОВА, Атырау облысы әкімінің орынбасары Айтып отырсыздар, 1 сыныпта 40 балаға дейін білім алады деп. Ол 25 баланың қалған 15 баласын басқа…
Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шоқыр Бөлтекұлы атындағы Маңғыстау облыстық жоғары спорт жетістіктері мектебі» КММ директоры лауазымына Әділбек Сәбитұлы Ниязымбетов тағайындалды. Ә.Ниязымбетов 19.05.1989 жылы дүниеге келген. Білімі: жоғары Еңбек өтілі: 2014 — 2018 ж.ж Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының “Маңғыстау бокс клубы” МҚҚҚ спортшы-нұсқаушысы; 2019 — 2020 ж.ж Нұр-Сұлтан қаласы Олимпиада орталығында әдіскер; 2020 жылдан бастап, осы уақытқа дейін Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының Ш.Бөлтекұлы атындағы МО жоғары спорт шеберлігі мектебі директорының орынбасары қызметін атқарып келеді. Жетістіктері мен мемлекеттік наградалары: — 2011 жылы Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген спорт шебері — 2012 жылы ХХХ жазғы…
5 наурызда Атырау облысы Махамбет ауданы Ақтоғай ауылындағы үйден болжам бойынша көмір қышқыл газына уланудан 4 адамның мүрдесі табылған еді. Өлім құшқандардың ішінде төрт жасар қыз бала бар. Жантүршігерлік оқиға туралы «АЖ» материалында. Ақтоғай ауылында 175 үйде 1086 адам тұрады. Бұрын-соңды мұндай оқыс оқиға болмаған еді. Ақтоғайлықтар есеңгіреп қалды. -Қайтыс болған адамдардың отбасына, тума-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Қаза болған 47 жасар Василий БАЗАРОВ пен 30 жастағы Айбек ӘБІЛҚАЙЫР осы ауылдың байырғы тұрғындары. Ал 44 жастағы Лена Қайырлиева мен оның қызы Мақат ауданының тумасы. Василийдің бұрынғы отбасымен ажырасып кеткеніне бірнеше жыл болды. Жақында ол Ленамен азаматтық неке құрды. Василий ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып, көбіне малшыларда…
Мәжіліс депутаты Александр Милютин тағы да премьер-министр Асқар Маминге зейнет жасын қайта қарау туралы депутаттық сауал жолдады. «Әділ зейнетақы жүйесін құру — біздің партия бағдарламасының бір бағыты, осыған байланысты біз депутаттық сауалды қайтадан жолдау қажет деп санаймыз. Біздің зейнетақы жүйесіне оралу туралы ұсынысымыз әлемдік тәжірибеге негізделген. Соны негізге ала отырып, бір зейнеткерге төрт жұмыс істейтін адамнан келген кезде бұл жүйе жүзеге асады. Қазіргі таңда елімізде 8,7 миллион азамат жұмысқа қабілетті екенін ескерсек, бұл зейнетақы алатын адамдардың санынан төрт есе көп. Екіншіден, сіздің жауабыңыз еңбек жағдайларының күрделілігіне байланысты азаматтардың зейнетке шығу жасын қайта қарау туралы біздің ұсынысымызды ескермеді. Тек ішкі істер…
