Автор: Сайт әкімшілігі

 Дүйсенбі, 15 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлерінде эпидемиологиялық ахуалды бағалаудың матрицасы жарияланды. Атырау облысында өзгеріс болды – өңір «сары» аймақтан «жасылға» ауысты. Қалған өңірлер түрлі түсті матрицада өз орнын сақтады. «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары. «Сары» аймақта: Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары. Қалған өңірлер «жасыл» аймақта тұр. Еске салсақ, өткен тәулікте, 14 наурызда, Қазақстанда 1011 адамнан коронавирус анықталды. Вирус жұқтырғандардың дені Алматы қаласында – 342 және Нұр-Сұлтанда – 147. Атырау облысында 41 адам індетке шалдықты.

Read More

Индер аудандық полиция бөлімінің бастығы Берік Джанзақов 2020 жылы атқарылған жұмыстары жөнінде аудан халқы алдында есеп берді. Қылмыстың алдын алу мақсатында аудан тұрғындары мен тәртіп сақшылары бірлесіп, 21 чат ашқан. Оған тіркелген халық саны 2060 тұрғынды құрайды. Солай бола тұрса да ауданда қылмыс деңгейі алдыңғы жылға қарағанда өсе түскен.  Берік ДЖАНЗАҚОВ, Индер аудандық полиция бөлімінің бастығы -Жалпы жағдайға тоқталып кетер болсақ 12 айда тіркелген қылмыстар саны 82, өткен жылы яғни 28,1 пайызға өскен. Оның ішінде ауыр қылмыстар 11-ден 22-ге, аса ауыр қылмыстар 0-ден 2-ге, орта дәрежедегі қылмыстар 35-45-ға, ал жеңіл дәрежедегі қылмыстар төмендеп отыр. 2020 жылдың 12 айында 20-дан астам…

Read More

Атырауда полицейлер Жайық өзеніндегі мұзға түсіп кеткен екі жасөспірімді құтқарып қалды. 15 жасар балалар мұз ұстінен өтіп бара жатқанда, мұз шытынап, суға түсіп кеткен. Өз беттерінен шығуға олардың ешқандай мүмкіндіктері болмады. Осы сәтте ішкі істер департаментінің қызметкері Асқар Қабдоллаев жақын маңда жүрген екен. Балалардың жанұшыра айқайлаған дауысын естіген бойда құтқаруға кіріскен.  Полиция қызметкері жедел жәрдем шақыртып, бөлімшеге хабарлаған. Дәрігерлердің айтуынша, олардың денсаулықтарына төніп тұрған қауіп жоқ. Өз кезегінде балалардың жақындары тәртіп сақшыларына алғысын білдірді. Полицейлер қазір мұз үстінде жүру қауіпті екенін ескертеді. Өйткені күн жыли бастағандықтан мұз қалыңдығы жұқарған. Оған қоса, өзен ағысы да күшейе түскен.

Read More

Үкімет отырысында 2025 жылға қарай студенттердің шәкіртақысы екі есеге өсетіні айтылды. «Биылғы оқу жылында студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға, докторанттарға 83 пайызға өсті. 2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақысы тағы екі еселенеді, магистранттар мен докторанттарға — 1,5 есе артады», — деді білім және ғылым министрі. Егер 2020 жылы бакалаврларға арналған шәкіртақы айына 26 186 теңгені құраса, 2025 жылы ол 52 372 теңгеге дейін өседі. Магистранттар үшін шәкіртақы 66913-тен 117 098 теңгеге, докторанттар үшін 150-ден 262 мың теңгеге дейін өседі. «Жоғары білім қол жетімді болу үшін гранттар саны 2025 жылға дейін 50 пайызға артады. Гранттар тек сұранысқа ие бағыттарға бөлінеді. Гранттардың әртүрлі түрлері…

Read More

Суретте көрсетілген қай алманы таңдар едіңіз? Психологтар әр күн сайын адамның жүріс-тұрысына, таңдауына, талғамына қарап мінез-құлқын, болмыс-бітімін анықтаудан жалыққан емес. Бұл таңдау да өзіңізді өзіңіз тануға, жан дүниеңізді ұғынуға көмегі тиеді. №1 алма Бірінші алманы таңдадыңыз ба? Демек, сіз өте әділ жансыз. Сөзі мен ісі сәйкес келмейтін әрекет сізге мүлде жат. Бар ойыңызды ақтарып, жайып саласыз, ешнәрсені іште бүгіп қалмайсыз. Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде болғанымен, сіздің ішіңіз қандай болса, сыртыңыз да дәл сондай болып көзге ұрып тұрады. Аузыңызды ашсаңыз, жүрегіңіз көрінеді. Өзімен өзі болу – сіз үшін нағыз адами қасиет. Туа біткен данышпансыз. Шетелге шықсаңыз да, өмір соқпағына салса…

Read More

Қазақстан денсаулық сақтау министрі Алексей Цой көктемде респираторлық вирус инфекцияларының (риновирус, аденовирус, парагрипп вирус және т.б) асқынатынын айтып халыққа үндеу жасады. Министр қыркүйек пен қаңтар аралығында елде таралған КВИ вирусын геномдық зерттеу нәтижесі бойынша коронавирустың (“Британдық”, “Оңтүстік Африка”, “Бразилиялық”) жаңа штамы анықталмағанын айтты. “Халықаралық әуе қатынасы қайта ашылғанын, шетелге шығатын ел азаматтары (еңбек көші-қоны, оқыту, емдеу, туризм), сондай-ақ жақын және алыс шетелдерден келгендердің қатары көбейгенін ескерген жөн. Яғни, коронавирус инфекциясының жаңа штаммдарын тасымалдау қаупі де артады деген сөз”, – министр. Америкалық және ресейлік ғалымдардың сөзіне сүйенген Цой коронавирус инфекциясымен ауыратындардың тек 10-15 пайызында тұрақты иммунитет қалыптасқанын жеткізді. КОВИДКЕ ҚАРСЫ ИММУНИЕТЕТ ТУРАЛЫ COVID-19…

Read More

Осыдан 5 күн бұрын жоғалған 54 жастағы Тыныштық Уразалиев әлі табылмады. Ол 6 наурыз күні кешкі сағат 18-00 шамасында үйінен жұмысына шыққан. Бірақ, сол кеткеннен хабарсыз. 2 күннен кейін жақындары әуелі полицейлердің, тағы екі тәулік өтісімен құтқарушылардың көмегіне жүгініпті. Алайда үй іші құзырлы органдар ешқандай хабар, ең болмағанда бір ілік те таппады дейді. Ал, құтқарушылардың айтуынша, жоғалған азаматты ауыл арасында көргендер бар. Бірі 8 наурызда дүкеннен тауар алды десе, енді бірі 9 наурызда Жұлдыз ықшамауданынан байқағанын айтыпты. Кез келген үй мен нысандарды тексеруге тек полицейлердің құзіреті бар болғандықтан, жақындары құзырлы органдардың осы іске жауапкершілікпен қарауын сурайды. Ал полицейлер арыз түскен…

Read More

Атырауда қызыл балықты пробация қызметінің инспекторына пара ретінде бермек болған азамат сотталды. 32- жастағы азамат 2020 жылы Исатай аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК 190 (Алаяқтық) бабымен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Сол себепті ол айына 2 рет пробация қызметіне келіп, тіркеліп тұруы тиіс болатын. Алайда бұл талапты орындамаған. — Сот үкімімен тағайындалған мәжбүрлі еңбекті орындауға қасақана шықпады. Атырау қаласындағы мекен-жайын тексерген кезде, сотталған азамат үйінде болмады. Кейін ол түсініктеме жазып, сотталған азаматқа жазасын өтеуден қасақана жалтарғаны үшін «ескерту» берілген,-деп хабарлайды Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің баспасөз-қызметі. Осындай заңбұзушылықтар жасағаннан кейін, өзінің түрмеге…

Read More

“Соңғы үш күнде атыраулық 405 мұғалім коронавирус індетіне қарсы вакцина алды”,-деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Білім саласы қызметкерлері арасында екпеге қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Соның бірі- Атырау энергетика және құрылыс колледжінде өтті. Онда санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен жұқпалы және паразитарлық ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Ләззат Джайлауова, Денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру және лицензиялау бөлімінің басшысы — Нина Оспанова, №5 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі Нұрбақыт Құпжанов, облыстық Білім беру басқармасының бас маманы Гаухар Такузова қатысып, вакцинаға қатысты мұғалімдер сауалдарына жауап берді. Атырау облысында 9 наурыздан бастап мұғалімдерге коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация салу басталған болатын. Соңғы…

Read More