Атырау облыстық ішкі істер департаментінің азаматтарды қабылдау бөлмесіндегі қызмет пысықталды. Бұл жұмысты ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Атыраудағы іс-сапарында тексерді. Өйткені, полицейлердің халыққа ашық болуы, тұрғындардың сеніміне ие болуы негізгі мақсат. Азаматтардың арыздарын тыңдау үшін республикада 250- ден астам қабылдау бөлімі ашылса, оның тоғызы Атырауда орналасқан. Карантиндік шектеулерге байланысты құзырлы орган мен халық арасындағы байланыс аз-кем үзіліп қалса да, қазір санитарлық талаптарды сақтай отыра бұл қызметтер қарқын ала бастады. Министр өз сөзінде Атырау ониринде қылмыстық істің 18 процентке төмендегенін айтып қалды. Айталық, кісі өлтіру, зорлық-зомбылық және жасөспірімдер арасындағы қылмыс едәуір азайған.
Автор: Сайт әкімшілігі
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Қоянды ауылына қоныс аударушыларға тегін үй беріп, жеңілдетілген несие арқылы, кәсіппен айналысуға мүмкіндік жасауда. Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы шалғайдағы Қоянды ауылы халық өсімі бойынша рекорд орнатты. Ең қызығы, осыдан екі жыл бұрын оқушылар аз болғандықтан ауылдағы мектепті жаппақ болды. Ал қазір онда 9 сынып бар, деп хабарлайды “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап kznews.kz. Мұнда еліміздің оңтүстік өңірлерінен қоныс аударушылар үшін өмір сүруге және жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған. “Жергілікті тұрғындар өте қонақжай. Үй бірден біздің атымызға берілді. Бұл жақсы көмек. Әрі қарай біз өзіміз тырысамыз, үй шаруашылығымен айналысамыз”, – деді Қоянды ауылының тұрғыны Айсара Қожахметова. Бейбіт Жұманов…
Ғалымдардың болжамынша, 1 000 002 021 жылы ақырзаман болады. NASA мамандары мен жапониялық ғалымдар Жер бетіндегі тіршілік қашан жойылатынын есептеп шығарды. Бұл туралы Sputnik радиосы хабарлайды. Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасының (NASA) мамандары Тохо университетінде жұмыс істейтін жапон ғалымдарымен бірге ақырзаманның нақты қай жылы болатынын анықтаған. Зерттеу нәтижесі Nature Geoscience ғылыми журналында жарияланды. Зерттеу мәліметіне сәйкес, күн радиациясы миллиард жылдан кейін Жердің атмосферасын толығымен жояды. Ғалымдардың болжамынша, 1 000 002 021 жылы ақырзаман болады. Мамандар зерттеудің дәлдігіне көз жеткізу үшін жерде қай кезде тіршілік жойылатынын кем дегенде 400 мың рет есептеген. Сонымен ғалымдар ақырзаманға атмосферадағы барлық оттегінің буланып кетуі себеп…
«Атырау облысында тұрғындарды коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жалғасуда», деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. «9-13 наурыз аралығында өңірде 895 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 556 педагог, 316 медицина қызметкері, 22 мемлекеттік қызметші және 1 полиция қызметкері», — делінген хабарламада. Естеріңізге сала кетейік, 5 наурызда аймаққа тұрғындардың сегіз басым санаты үшін 2 мың «Спутник V» вакцинасы келді.
Алматы әуежайының диспетчері мен апатқа ұшыраған Ан-26 ұшқыштары арасындағы әңгімелесудің аудиожазбасы интернетте пайда болды. Жазбаны журналист Михаил Козачков өзінің telegram-каналында жария еткен. Аудиожазбаның ұзақтығы жарты сағаттан асады. «Жазба ұзақ, жарты сағаттан асады, бірақ егер сіз оны тыңдасаңыз, қону үшін айналаның көріну деңгейі жеткілікті болғанын, бірақ сонымен бірге ұшқыштарға қатты турбуленттілік пен мұз басу туралы ескертілгенін түсінуге болады», — деп жазады журналист. Сонымен қатар, журналистің мәліметтері бойынша, ҰҚК шекара қызметінің бір ұшағы емес, екі бірдей ұшағы қонуға рұқсат сұраған. «Ұшақтар қосарлана ұшып жүрді. Неліктен апатқа ұшыраған ұшақтың ұшқышы айналып өтуді шешкенін әңгімелесудің аудиожазбасынан түсіну қиын, ол техникалық ақаулар туралы хабарламайды. Мүмкін…
Ресейлік ірі компанияның директорлар кеңесіне Иманғали Тасмағамбетов пен Кирилл Пузырковтың кандидатурасы ұсынылды Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы елшісі Иманғали Тасмағамбетовтің кандидатурасы «КамАЗ» ААҚ директорлар кеңесіне сайлауға ұсынылды. Бұл туралы компанияның сайтында хабарланды. «КАМАЗ» ААҚ директорлар кеңесінің компания директорлар кеңесінің құрамына кандидаттарды ұсыну бойынша сырттай дауыс беру рәсімі аяқталды. «КАМАЗ» ААҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіне мәселелерді және компанияның директорлар кеңесі мен тексеру комиссиясының құрамына сайлауға үміткерлерді енгізу туралы акционерлердің ұсыныстары қабылданды. «Сондай-ақ, директорлар кеңесінің құрамына сайлауға алғаш рет екі үміткер ұсынылды: «КАМАЗ» ААҚ қызметкерлерінің біріккен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Кирилл Пузырков және Иманғали Тасмағамбетов», — деп жазылған сайтта. Иманғали Тасмағамбетов 2019 жылдың…
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне қасиетті Рамазан айында ораза ұстауды жоспарлап отырған мұсылман қауымынан екпе жайында бірқатар сұрақтар келіп түсті, деді ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК. Олардың басым бөлігі коронавирусқа қарсы вакцинация оразаны бұзатындығына не бұзбайтындығында болып отыр. Комитет қызметкерлері түсініктеме алу үшін мешіт қызметкерлеріне жүгінген. ⠀ Айта кетейік, биыл ораза 13 сәуірде басталып, 12 мамырға дейін жалғасады. ⠀ Мешітте егер белгілі бір заттың ас қорыту жүйесіне ауыз, мұрын сияқты табиғи саңылаулар арқылы енсе, ораза бұзылатындығын хабарлады. Инъекциялар кезінде және коронавирустық вакцинаны енгізу аталған жағдайларға жатпайды. Сондықтан COVID-19-ға қарсы вакцинаны қабылдау оразаны бұзбайды. ⠀ Сондай-ақ, мешіт қызметкерлері емдеу мақсатында…
23 ақпан күні Жылыой ауданында боранды ауа-райы салдарынан 70 бас сиырын жоғалтқан Майкөмген елдімекенінің тұрғындары полиция қызметкерлеріне арыздарын қалдырған. Бұл туралы Atr.kz хабарлайды. Атырау облысы полиция департаменті баспасөз қызметі жетекшісі Мейірім Ердәулеттің сөзінше, өз күшімен іздестірмек болғанымен одан ешқандай нәтиже шықпаған соң сақшылардың көмегіне жүгінген. Іздестіру жұмыстарын 12 күн жүргізген Жылыой ауданы ПБ-нің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Жайық Қойбасов жоғалған малдарды ауылдан 180 км қашықтықтағы Маңғыстау облысы Қаракиіз тауының жиегінен тауып әкеліп, қожайындарына тапсырды. Ауа-райының қолайсыздығы салдарынан іздеу жұмыстары біршама қиындық туғызған көрінеді. Алайда полиция қызметкерінің қырағылығының арқасында мүйізді ірі қаралар аман-есен табылды. Тәртіп сақшыларының жұмыстарына риза болған…
«Қазақстанда 400 сотталушы түрмеден босатылды» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Жазасын өтеу орнынан шыққан жандар өздерін кілем тазарту компанияларының қызметкерлері ретінде таныстырып, үйлерді аралап жүргені туралы ақпарат әлеуметтік желіде желдей есуде. Алайда, ҚР ІІМ ҚАЖ Комитеті бұл ақпараттың жалған екендігін ресми түрде хабарлады. Олар мұндай ақпарат таратқандардың ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын ескертеді.
2020 жылдың соңына қарай Маңғыстау облысы қызғылт көлдерден кейін Қазақстандағы туристік орындар ішінде танымалдылыққа ие болған аймаққа айналды. Қызғылт қоқиқаздар қоныстанған таңғажайып аймақ туралы жаңалықтардан кейін Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге Маңғыстауды жаңа қырынан ашып, осы аймақтағы ерекше шатқал туралы баяндайды. Егер Ақтау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай Маңғышлақ түбегінің орталық бөлігіне қарай жүрсеңіз, онда Маңғыстау — Бейнеу теміржолының жанында сіз ерекше табиғи орын — Қабырға шатқалына тап боласыз. Оның Ыбықты сай деп аталатын шатқалында таңғажайып өрнекті шатқал бар. Бұл табиғи ескерткіш несімен көз тартады? Мысалы, оның орналасқан жері — Қазақстанның ең терең Қарақия ойпатында. Оның тереңдігі теңіз деңгейінен 132 метрге дейін жетеді. Қызықты дерек Қарақия…
