Облыста жүргізуші куәлігін алған әйелдердің саны 2 есеге артқан. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы өкілдерінің айтуынша, алдыңғы жылы көлік басқаруға құқық беретін куәлікті 3 мыңнан астам қыз-келіншек алса, өткен жылы олардың саны 6 мыңнан асып жығылыпты. Бақыт Бейбітұлының сөзінше, ерлерге қарағанда әйелдер теориялық емтиханнан сүрінбей өткенмен, тәжірибе жүзінде қорқынышқа бой алдырады екен. Ал, полицейлер нәзік жандылардың жол апатын жасауына ұялы телефонмен сөйлесу немесе алаңдау себеп болады дегенді айтады. Гүльназира МҰХТАРОВА, Атырау облыстық ПД ресми өкілі Биыл атырауда әйел жүргізушілерменен 50 жол көлік оқиғасы орын алып отыр. Мысалы ақпанның 17- сі күні «Ақ жайық» қонақ үй тұсында «Тайота рав 4» пен…
Автор: Сайт әкімшілігі
Білім және ғылым министрінің орынбасары Бибігүл Асылова жастарды техникалық және кәсіптік біліммен (ТжКБ) қамтуды кеңейтуге бағытталған жұмыстар туралы айтты. Бұл туралы деп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Оның айтуынша, жыл сайын 9-сынып түлектерінің 30%-ы және 11-сынып түлектерінің 50%-дан астамы ақылы оқуға түседі. «Біз ТжКБ жастарын қамтуды кеңейтуге тиіспіз. Бұл бағыттағы жұмыс 2017 жылдан бері жүргізіліп келеді. 300 мыңға жуық адам бірінші жұмысшы мамандығын тегін алды. Аудандық және қалалық әкімдіктермен бірлесіп, жастарды сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен жастарды 100 пайыз қамтуға кезең-кезеңмен өтуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін 2025 жылға дейін мемлекеттік тапсырыс көлемін 20 мыңнан 50 мың орынға…
9-15 наурыз аралығында өңірдің 1095-тен астам тұрғыны коронавирусқа қарсы екпе алды, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Өңірде халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналау жалғасуда. 9-15 наурыз аралығында 1095 адам вакцинацияланды. — Олардың ішінде 721 педагог, 344 медицина қызметкері, 29 мемлекеттік қызметші және бір полиция қызметкері бар, — деп нақтылады баспасөз қызметінен.
2021 жылдың ақпан айындағы есеп бойынша Қазақстандағы орташа айлық жалақы 223 213 теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының сайтында хабарланды. «2021 жылдың ақпан айының есебі бойынша бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 223 213 теңгені құрады», — делінген есепте.
«Бұл туралы облыстық мәслихаттың 2 сессиясында Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары мәлім етті»,- деп хабарлайды Атырау облысы бойынша коммуникациялар қызметі. Отырысқа аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов, облыстық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес төрағасы, басқарма басшылары, онлайн режимде аудан әкімдері қатысты. «Жергілікті бюджет бойынша болжам 350,4 млрд. теңге болса, 371,1 млрд. тенге көлемінде нақты төлем түсіп, болжам 20,7 млрд. теңгеге немесе 105,9 пайызға артығымен орындалды»,- деді Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бекен Шанаев. Сондай-ақ, пандемияға байланысты 187 мыңға жуық қызметкері бар шағын және орта бизнестің 12 мыңға жуық салық төлеушілері ұсталатын салықтар мен әлеуметтік төлемдерден босатылған. Сонымен…
Ақтөбеде шенеуніктер көпбалалы анаға 2 миллион теңгенің сертификатын тапсырған. Алайда сыйлықтың құны жоқ болып шыққан. Ірі сомасы қағаздағы жазуда ғана болған. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлайды. Тілшілердің мәліметінше, Айсұлу Құздыбаева — бес баласын аядай үйде тәрбиелеп отырған ана. Қалаға әйел таяуда келгені айтылады. Алайда жатақханадағы бөлме 14 шаршы метр ғана. Не жөндеуі жоқ, не жиһазы жоқ. Оның бұл жағдайын еріктілер біледі. Қаражат жинап, бөлмеге жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Қажеттің бәрін сатып алып берген. Жөндеу жұмыстары бірнеше апта бұрын аяқталған. 1 наурызда әйел Алғыс күніне арналған шараға шақырылған. Ақтөбе облысының әкімі көпбалалы анаға салтанатты шарада сертификат табыстаған. Бірақ отбасы ақшаны қайдан аларын…
Бүгін, 16 наурызда қаланың түрлі ауданында жоспарлы түрде электр энергиясын беру тоқтатылады. Бұл туралы 109 Бірыңғай байланыс орталығы хабарлады. «2021 жылдың 16 наурыз күні қолданыстағы трансформаторлық стансалар мен электр желілерінде кешенді жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында төмендегі мекенжайларда жоспарлы түрде жарық өшірілетінін хабарлаймыз: сағат 14:00-17:30 — Балықшы, Қожакаев көшесі сағат 10:00-18:00 — Уәлиханов көшесі, Редут көшесі, Заводская, Кушумская көшелері сағат 09:00-12:30 — Балықшы, Құнанбаев көшесі сағат 10:00-18:00 — СМП-136 сағат 10:00-13:00 — Еркінқала, 15-көше (28-көше мен Атамұра көшелері арасы) сағат 14:00-18:00 — Еркінқала, 48-көше (28-көше мен Атамұра көшелері арасы) Туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», — делінген хабарламада.
Бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов активке ҚР Президентi Әкімшілігі келісімімен тағайындалған жаңа орынбасары Таушов Нариман Бахытұлын таныстырды. Жаңа орынбасарының алдында тұрған міндеттерді атап өткен облыс басшысы «Нариман Бахытұлын білікті басшы, жұмыс тәжірибесі мол азамат ретінде осы лауазымға лайықты деп есептеймін және оған зор сенім артып отырмын»,-деді. Ал бұған дейін облыс әкімінің орынбасары болған Әжіғалиева Айгүл Теміртасқызы мемлекеттік қызметшілерге ротация жүргізу қағидаларына енген өзгерістерге сәйкес, ҚР Президентi Әкімшілігінің келісімімен Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымынан босатылды. Нариман Таушов 1967 жылы Атырау облысының Құрманғазы ауданына қарасты Еңбекші ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын ауылшаруашылық өндірісінің экономист-ұйымдастырушы мамандығы бойынша үздік бітірген.…
Елімізде полиция мен ұлттық ұлан қызметкерлерінің жалақырарын кезең-кезеңмен өсіру басталды. Бұл турасында Жаңаөзен онлайн ресурсы хабарлады. Ішкі істер министрі Ержан Тұрғымбаев мәлімдегендей алғашқы кезеңде яғни 2021-2023 жылдар аралығында табысы төмен учаскелік инспекторлар, кіші сержанттар мен күзет қызметіндегілерге 15 тен 35-пайызға дейін айлық өспек. Қалған қызметкерлердің жалақысы осы уақыт аралығында 30 пайызға артады делінген басылымда. Жалпы айлықты көтеру полиция реформасының бірі парасы. Осы арқылы саланың престижі артуы тиіс. Тәртіп пен талап та күшейеді. Әсілінде ел болам дейтін кез-келген мемлекет білім беру, медицина, армия мен полициядан ақша аямайды. Бізде де осыны басшылыққа алса керек. Алайда ішкі істер саласының беделіне нұқсан келтіріп жататын…
Атырау облысының экс-әкімі, Қазақстан сотының шешімімен сырттай 17 жылға сотталған Бергей Рысқалиевтің ұлы Аслан Рысқалидің Ұлыбританияда бірнеше компаниясы бар. Malim.kz ашық дерек көздерге сүйеніп, Рысқалиевтің ұлы немен айналысатынына үңіліп көрді. 31 жастағы Аслан Рысқалидің Ұлыбританияда үш компаниясы бар. Оның екеуін Б.Рысқалиевтің ұлы жақында тіркеген. Үш компанияның да құжаттарында компания директоры Аслан Рысқали Ұлыбритания азаматы ретінде көрсетілген. Аслан Рысқалидің MBIL Developments Limited компаниясы 2021 жылдың 11 қаңтарында тіркелген. Ашық дерек көздегі мәліметке қарағанда, бұл девелоперлік саладағы компания. MBIL Developments Limited құрылыс жобаларын дамытады. Девелоперлік команиялар құрылыс нысандарын жөндеу, реконструкциялау, құрылыс идеяларын іске асыру, нысандардың нарықтағы бағасын өсіру тәрізді қызмет көрсетеді. Компанияны…
