1 шілдеден бастап мемлекеттік қызметшілер еңбекқасын жаңа жүйе бойынша алады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне қарасты мемлекеттік қызмет департаментінің директоры Жарқын Тілеукенов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осындай жаңалық айтты. «Бүгінде «бірдей еңбекке – бірдей төлем» қағидаты бойынша бөлу жобасы әзірленді. Енді лауазымдарды блоктар бойынша бөлу әдістемесі жасалып жатыр. Яғни, маманның лауазымы стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге қаншалықты әсер ететітіні сараланады. Стратегиялық лауазымдар блогы болады, одан бөлек мемлекеттік органның қызметін техникалық тұрғыда сүйемелдейтін лауазымдар бар. Осы блоктардың қайсысында жұмыс істегеніне қарай еңбекақы мөлшері сараланып белгіленеді», — дейді агенттік өкілі. Оның айтуынша, сараланған еңбеақы жүйесі 2018 жылдан…
Автор: Сайт әкімшілігі
Осыдан бірнеше жыл бұрын Құлалы аралында жалғыз тұратын азаматпен сұхбаттасып, арнайы репортаж дайындағанбыз.Сол Петр Лупенковтың аралда өмір сүріп жатқанына биыл 26 жыл болыпты. Құлалы — Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі доғаша иілген арал. Ұзындығы 35, ені 5 шақырымды құрайды. 55 жастағы жамбылдық Петр Лупенковтің бұл аралда өмір сүріп жатқанына биыл 26 жыл. Метеоролог мамандығын меңгерген Петр Иванович алғашында Құлалы аралына теңіз айдынындағы ауа-райын зерттеуге уақытшаға ғана келеді. Кейін аралдың табиғатын ұнатып, осында қалуды ұйғарады. «Қалаға жылына бір рет шекарашылардың тікұшағы немесе кемесімен барып келемін. Алайда у-шу ортадан, төрт қабырғадан тез серігіп кетемін. Бала кезімнен таудың етегінде өстім, табиғатқа жақынмын. Мұнда таза…
Маңғыстауда газ құю бекеттерінде тоқырау қайта басталды. Тапшылықтың салдарынан 60-65 теңгеге саудаланып келген сұйытылған отынның литрі , бірден 80-90 теңгеге шарықтап кетті. Көлік жүргізушілерінің айтуынша, көп жерлерде қазір газ жоқ, бағасы қымбат болса да , шарасыздан сағаттап кезек күтуге мәжбүр. Ал облыстың энергетика басқармасы Атырауға қол жайып отырғанда, ол өңірден бөлінетін газ , келмейтін болыпты. Содан тапшылық туындапты-мыс. Бауыржан ЕРПАН, Маңғыстау облыстық Энергетика жане ТҮКШ басқармасының өкілі — Негізгі себебі жетпей жатқан шыныменде «АтырауМұнайгаздан» әкелетін екі мың, үш мың тонна келіп тұратын еді. Жөндеу жұмыстарында тұрғанына орай бізде тапшылық байқалып жатыр. Оған қоса, автокөліктердің сұйытылған мұнай газын отын ретінде пайдаланатын…
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мемлекет басшысының 2021 жылғы 26 ақпандағы Жарлығымен бекітілген елдің 2025 жылға дейінгі дамуының Ұлттық жоспарын таныстырды. Бұл туралы zakon.kz. хабарлайды. Құжатта коронакризис салдарын нивелирлеуге, тұрақты, инклюзивтік және сапалы экономиканы дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған түйінді саясатты жетілдіру бойынша аса маңызды салалар мен бағдарларды дамытудың стратегиялық пайымы көрініс тапты. 2018 жылы қабылданған 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары елді үшінші жаңғырту процестерін іске қосты. Алайда, пандемия әсер еткен жаһандық экономика дамуының күрт өзгеруі негізгі даму сценарийін түбегейлі өзгертіп, «жаңа ақиқатты» қалыптастырды. «Жоспар халықтың тұрғын үйге, дамыған инфрақұрылымға, сапалы білім беру мен денсаулық…
Мақатта теміржолдың бойындағы тәртіп бұзу деректері азаймай тұр. Тоғыз жолдың торабында орналасқан мұнайлы мекен тұрғындары көзін ашқалы көргені болатжол болса да, одан келер қауіпті ескермей келеді. Атырау облысы бойынша былтыр 2 адамды пойыз қағып, олар оқиға орнында көз жұмған. Мақат ауданында мұндай қайғылы оқиғалар тіркелмегенімен, жергілікті тұрғындардың теміржол рельстерін рұқсат етілмеген жерден кесіп өтетіні алаңдатып отыр. Мақат стансасының желілік полиция бөлімшесінің қызмектерлері қоғамдық тәртіпті қадағалап, қауіпсіздікті арттыру үшін жедел алдын алу шарасын жиі ұйымдастырады. Теміржол сақшыларынан құралған арнайы топпен бірге бұл жолы бізде рейдке шықтық. Байқағанымыз – жақын маңда бұл жерден өтуге тыйым салынған белгі тұрғанымен оған назар салған…
Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының айтуынша, бұл жергілікті ақсақалдардың ұсынысы. «Бұл туралы Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Атырау облыстық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте айтты» деп хабарлайды орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі. «Күзетке ертеректе марқұмның алыстан ағайын-туыстары жиналатын. Сол ауылдың молдалары хатым Құран түсіріп, жаназадан соң Құранды марқұмға бағыштаған. Қазіргі күзеттер ас ішіп, аяқ босататын шараға айналып кетті. Біреу жылап жатса, екінші адам қарқылдап күліп, дүниелік әңгімелер айтып отырады. Бұл марқұмға еш пайда әкелмейтін күзет. «Ажал бардың малын шашады, жоқтың артын ашады» деген сөз бар. Жоқ адам мұндайда несие алып, қарызданып жатады. Бұл қайғылы шаңыраққа одан сайын салмақ түсіру…
ҚР Президенті әкімшілігі және аудандық мәслихаттың келісімімен Полымбет Максимұлы Хасанов Исатай ауданының әкімі болып тағайындалды. Жаңа әкімді аудан активіне таныстыру кезінде «Полымбет Максимұлының басқарушылық қабілеті өте жоғары, өз ісінің білікті маманы ретінде жақсы білемін», -деген аймақ басшысы оның жаңа жұмысына табыстар тіледі. Осыған дейін ауданды 4 жылға жуық басқарған Марат Мурзиев өңіраралық ішкі ротациялауға сәйкес, басқа жұмысқа ауысуына байланысты Исатай ауданы әкімі лауазымынан босатылды. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов оған атқарған қызметі үшін ризашылығын білдірді. Полымбет Максимұлы Хасанов 1980 жылы Индер ауданы Индербор кентінде дүниеге келген. Білімі жоғары, Қазіргі заманғы гуманитарлық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша аяқтаған. 2002-2005 жылдары облыстық Ішкі істер…
Бүгін бірқатар БАҚ-та Ақтөбе облысы әкімінің (Оңдасы Оразалин – ред.) көпбалалы анаға 2 млн теңгелік жалған сертификат табыстағаны жайлы ақпарат тарады. Бұл туралы «Азаттық Рухы» сайты хабарлайды. «1 наурыз — Алғыс айту күніне арналған іс-шарада (Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында) ақтөбелік көпбалалы ана Айсұлу Куздібаеваға 2 млн теңгенің сертификаты табыс етілді. Өңір басшысы Ақтөбе облысы ҚХА төрағасы ретінде ЭКҰ басшылары атынан жалғызбасты ана С.Қалиеваға 100 мың теңгенің, «Динар-Электромаш» ЖШС атынан түрлі ұлт өкілдерінен 18 бала асырап алған Жетесовтар отбасына 350 мың теңгенің, Әзірбайжандар қауымдастығының Жастар қанаты атынан көпбалалы ана Айсұлу Күздібаеваға пәтерін күрделі жөндеуден өткізуге және жиһаз сатып алуға 2 млн…
Қазіргі таңда қазақ жұртын дүр сілкіндіретін тақырыптың бірі жыныс ауыстыру. Алексей Цой басқаратын денсаулық сақтау министрлігінің жыныс ауыстыруға рұқсат беру туралы бұйрығы қабылданып қазақ жұртын шулатты. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылдың 25 қарашасында: “Гендерлік сәйкестілігі бұзылған адамдарды медициналық куәландыру және жынысын ауыстыру ережесін бекіту” туралы бұйрығы шықты. Жыныс ауыстыру үшін адамның жасы 21-ден асуы керек, психикалық және мінез-құлық ауытқулары болмауы керек деген талап бар.
Исатай ауданына қарасты Нарын ауылының тұрғыны, көп балалы, патронат ана Рахима Мухзаруова қайрымды жандардың көмегімен баспаналы болды. Рахима Мухзаруова қолында бір миллион теңге қаражаты барын, бірақ, бұл қаржының баспана алуға жетпей отырғандығын айтып, аудандық жастар ресурстық орталығынан көмек сұрапты. Орталықтағылар бұл өтінішті аудан жастарына: яғни, мектеп оқушылары мен студенттер біріккен «Қол созу» еріктілер ұйымының мүшелеріне айтқан. Жастардың басын бір жерге жинап, түрлі игі шараларға себепші болып жүрген аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Азамат Балмурзиннің айтуынша, бұл – «Қол созу» еріктілер ұйымы өткізіп жүрген шаралардың ішіндегі ең көлемдісі. Жаңа үйді табыстау салтанатына облыстық маслихат депутаты Әлібек Семғалиев қатысып, қайырымдылық көмек көрсеткен…
