UFC (Абсолют жекпе-жек чемпионаты) чемпионы Хабиб Нұрмагомедов спорттағы мансабын аяқтады. UFC басшысы Дэйна Уайт твиттерде осылай деп хабарлады. «Ол 100 пайыз ресми түрде зейнетке шықты. Сенің жұмысыңды жоғары бағалаймыз. Көп рақмет. Сәттілік тілеймін, досым», – деп жазды Уайт.
Автор: Сайт әкімшілігі
Атырау қаласында Махамбет көшесі маңындағы қоқыс жәшігінен кішкентай бала табылғаны туралы ватсап желісінде ақпарат тарады. Алайда, бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Оған сәбидің суреті жалғанған. Артынша осы ақпаратты таратқан ер адам мұндай мәліметті оның үйіндегі адамдар қалжың ретінде жібергенін жеткізді. Енді істің анық-қанығын құқық қорғау органдары анықтайтын болады.
“Атырау облысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр жұмыс сапарымен болды”-деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. Үкіметтік делегация құрамында министрліктердің бірінші вице-министрлері мен вице-министрлері де келді. Атырау облысының ағымдағы мәселелері талқыланған жиында аймақ басшысы баяндама жасады. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов әлеуметтік саладан бастап инфрақұрылым, экология, электр энергиясы, сумен қамту сынды өңірдегі ең өзекті мәселелерге жан-жақты тоқталды. Олардың нақты себептерін атап өткен аймақ басшысы проблемаларды шешуге қатысты жасалып жатқан жұмыстарды да баяндап өтті. Сондай-ақ ол кейбір өзекті мәселелерді шешу үшін Үкіметтің қолдауы қажеттігін айтты. Жиынды қорытындылаған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Атырау облысының одан ары дамуы мен салалардағы проблемаларды шешу үшін Үкімет…
Орынбор маңындағы Жайық өзеніне құйылма су бөгетін салу туралы жаңалықты Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының тұрғындары жақсы қабылдамады. Әлеуметтік желіде қызу пікірталас жүріп жатыр. Тұрғындар тарапынан мұндай реакцияның болуы түсінікті, өйткені Жайық -трансшекаралық өзеннің қазақстандық бөлігіндегі 2,6 млн адамның негізгі ауыз су көзі. Www.ural56.ru хабарлағандай, «қалалық су жинағыштың жұмысын жақсарту мақсатында су деңгейін көтеру үшін құйылма су бөгетін салу жоспарланған, жұмыс құны — 300 миллион рубль». Орынбор облысының табиғи ресурстар және экология министрі Александр Самбурскийдің айтуынша, бұл ұсыныс су ресурстары жөніндегі федералды агенттікке жолданған. МӘЖІЛІСМЕНДЕР ТҮСІНБЕЙ ДАЛ Жақында ғана Атырау облысынан сайланған ҚР Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай ТҰРҒАНОВТАН осы жаңалыққа…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдарды күшейту жөнінде берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы есеп берілді. Жанат Элимановтың айтуынша, жыл басынан бері сегіз ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталған. Оның екеуі трансұлттық топ. Сондай-ақ, ол бюджет қаржысын жымқыру дерегі бойынша 14 миллиард теңге көлемінде шығын келтірген 125 қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Президентке Агенттіктің қаржы пирамидаларының жолын кесу бағытында атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады. Ведомство басшысының айтуынша, күмәнді іс-әрекеттер бойынша 21 материал құқық қорғау органдарына жолданған. Сонымен қатар, Мемлекет басшысына кәсіпкерлердің қылмыстық қудалауға түсуіне жол бермеу үшін қабылданып жатқан шаралар…
Бүгін Атырауда «Береке» ықшамауданындағы 72 пәтерлік №42 үй пайдалануға берілді. Бұл туралы Atr.kz хабарлайды. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Каспийское кадровое ассоциация мекемесі» салған баспана бұл жолы үш әлеуметтік санат бойынша берілуде. Атап айтқанда, 27 көпбалалы, 28 аз қамтылған отбасы мен 17 жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың үлесіне тиіп отыр. бір және екі бөлмелі пәтерлердің іші кең, ал, бастысы – жанға жайлы. Айта кету керек, бұл үй сатып алу құқынсыз берілгендіктен, ай сайын мемлекетке жалдау ақысы төленеді. Бес жылдан бері армандап келген баспанаға қолы жеткен Дамира Ерғалиева небәрі 35 жаста болса да, бір ұл мен төрт қызы өсіріп отырған жайы…
Денсаулық сақтау министрлігі сәуір айындағы эпидемиологиялық ахуал жөнінде болжам жасады. Министрлік сәуір айында күніне 500 мен 1700 аралығында науқас анықталуы мүмкін дейді. «Оптимистік сценарий бойынша сәуір айында күніне 500 науқасқа дейін тіркелуі мүмкін. Ал пессимистік сценарий бойынша бұл көрсеткіш 1700-ге дейін жетуі мүмкін» деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сейсенбі күнгі үкімет отырысы кезінде. Оның сөзіне қарағанда, вакцинация әзірге эпидемиологиялық ахуалға әсер ете қоймайды. Себебі, адам ағзасында иммунитет қалыптасу үшін біраз уақыт керек. Министрдің айтуынша, соңғы мәлімет бойынша шамамен 76,2 мың адамға коронавирусқа қарсы вакцина егілген. Бұл жыл соңына дейін егілуі тиіс (6 млн адам) тұрғынның шамамен 1,27 пайызын құрайды.…
Қырғызстанның Республикалық иммундық алдын алу орталығының директоры Гүлнара Ишенапысова «Кабар» агенттігіндегі баспасөз конференциясында коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау және оны ұйымдастыру процесін ұйымдастыру қажеттілігі мен маңыздылығы туралы баяндады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Оның айтуынша, Қырғызстанда халықтың 70 пайызына екпе салынуы тиіс. Дамудың төменгі деңгейі ретінде Қырғызстан 94 елмен бірген COVAX бағдарламасына кірді. «Бұл бағдарламадағы мүшелік аясында біз гуманитарлық көмек ретінде вакцинаның келуін күттік. Бізге AstraZeneca вакцинасы кеңес етілді. Бұл вциналарды алу процедурасына тағы басқа көптеген процедуралар кіріп отыр. Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәселені премьер-министр деңгейіне дейін көтеріп, бүгінде біз бұл келісімді үкіметке тапсырдық. Үкіметпен бірлесіп жауапкершілікті орнататын боламыз.Біз вакцинаны сәуір айында…
Арайлым Қайрақбай 8 жаста. Ол гипоксиямен туылып, дамуында тежелу байқалған. Ата-анасы баланы 3 жасынан бастап психолог, дефектолог, логопед мамандарына апарады. Бүгінде жеткіншек мемлекеттік оңалту орталықтарында ем алып, үздіксіз жұмыстанудың арқасында әріп танып, ойын дұрыс жеткізе алатындай дәрежеде. Дегенмен Арайлымның анасы мемлекет берген көмектің кезегі 3-6 айда бір айналып келетіні қынжылтады, — дейді. Нұрайна МӘТЖАНОВА, А.Қайрақбайдың анасы Жалпы біздің сөздік қорымыз аз. Менің қызым өз ойын дұрыс жеткізе алмайды. Сондықтан оған логопед, дефектолог, психолог мамандар жұмыс жасаған жақсы. Бірақ ондай мүмкіндікті өзімнің қалтамның көтермегендіктен осындай поликлиникаларға жүгінеміз. Енді әрине көбірек болған жақсы. Жақсы нәтиже болуы үшін жоқ дегенде күніне үш рет…
Жапонияның соты бір жынысты некені тіркеуден бас тартуды конституциялық емес деп таныды. Бұл туралы ORDA. ақпарат агенттігі хабарлайды. Жапондық ЛГБТ қауымдастығы бір жыныстағы адамдар арасындағы некені тану үшін күресте алғашқы үлкен жетістікке жетті. 17 наурызда Саппоро қаласындағы аудандық сот – мемлекеттің бір жынысты одақтарды мойындаудан бас тартуы Жапония Конституциясына қайшы келеді, өйткені ол бостандық пен теңдік принциптерін бұзады деп шешті. — Сонымен бірге, Хоккайдо префектурасынан бір жыныстағы үш ерлі – зайыптылар сотқа берген, сот істі қозғаған. Саппоро аудандық соты олардың әрқайсысына 1 миллион иен (9100 доллар) төлеу туралы талабын қабылдамаған. Ол ақша үкіметтің неке қиюға мүмкіндік бермейтін немқұрайлылығымен келтірген психологиялық залалдың өтемақысы, – деп…
