Таяуда Еуропалық комиссия «цифрлы онжылдық» құжатын қабылдады. Онда 2030 жылға дейінгі цифрлы технология саласындағы өзекті мәселелер қамтылған. Бұл туралы Егемен Қазақстан хабарлайды. Еуропалық одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Хосеп Боррел мен Еуропалық одақтың Бәсекелестік жөніндегі комиссары Маргрет Вестагер бірлесіп әзірлеген мақалада қарт құрлықтың цифрландыру саласындағы көзқарасының маңызы жайлы сөз қозғалады. Авторлардың сөзіне сүйенсек, Еуропалық одақ әлемдегі цифрлы технология саласын дұрыс бағытқа бұруға қабілетті. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін қарт құрлықтың шенеуніктері тиісті шараларды іске асырып, халықаралық ынтымақтастық орнатуы қажет. Принстон университетінің биоэтика профессоры Питер Сингер АҚШ-тағы мынадай қызық оқиғаға тоқталады. Тұрғындарға вакцина салуға жауапты Хасан Гокал…
Автор: Сайт әкімшілігі
Атырау қаласының үш тұрғыны жер алып беруге уәде еткен алаяққа алданып қалды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияға үш тұрғын жүгінген. «Атырау қалалық полиция басқармасына жергілікті үш тұрғын арызданып, алаяққа алданғанын жеткізген. Ол жәбірленушілерге осы уақытқа дейін жер алып бермеген, не ақшасын қайтармаған. Осыған байланысты жедел-тергеу тобы іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдіктіні анықталды. Ұсталған күдікті Ақтөбе қаласының 45 жастағы тұрғыны болып шықты», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен. Қазір осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Өскемен тұрғыны 13 атыраулықтың ақшасын алдап алғанын хабарлаған болатынбыз.
Қазақстанда өткен тәулікте 1105 адамда коронавирус анықталды. Сондай-ақ 835 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы Mnews.kz хабарлайды. Вирус жұқтырғандар: Нұр-Сұлтан қаласы — 195 Алматы қаласы — 341 Шымкент қаласы — 22 Ақмола облысы — 45 Ақтөбе облысы — 50 Алматы облысы — 104 Атырау облысы — 65 Шығыс Қазақстан облысы — 19 Жамбыл облысы — 10 Батыс Қазақстан облысы — 76 Қарағанды облысы — 92 Қостанай облысы — 40 Қызылорда облысы — 4 Маңғыстау облысы — 5 Павлодар облысы — 25 Солтүстік Қазақстан облысы — 7 Түркістан облысы — 5 Жалпы ел бойынша ауырғандар саны — 236200. Қазақстанда өткен…
Алматылық дәрігер вакцинация салдырғаннан кейін коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Тengrinews.kz сайты хабарлайды. Гинеколог-эндокринолог Иван Мельников репродуктивті медицина институтында жұмыс істейді. Дәрігер 2 наурызда Sputnik V вакцинасын салдырған. «Менің медбикем және басқа бірнеше қызметкер вакцинациядан кейінгі алғашқы үш күнде әлсіздік сезінді, денеде ауырсынулар пайда болды, олардың температурасы 37,5 градусқа дейін көтерілді. Менде алғашқы бірнеше күнде мұндай белгілер болған жоқ», – деді ол. Алайда, 8 наурыз күні кешке дәрігер аяғында әлсіздік байқалғанын айтады. Ол өзін шаршап тұрмын деп ойлап, ауырғанына мән бермеген. Бірақ келесі күні таңертең дәрігерде жөтел басталған. «Сағат 14.00-ге дейін мені қатты әлсіздік, ауырсыну байқалып, басым, белім мен аяқтарым ауырды. Дене…
Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының 25 наурыздағы мәліметтері жарияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Оған сәйкес, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан, Атырау облыстары тұр. «Сары» аймақта Ақтөбе, Алматы, Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта. Айта кетейік, кеше үш облыс «қызыл» аймақта тұрғанын хабарлаған едік.
You Tube желісінде ақын, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, Халықаралық Сергей Есенин атындағы сыйлық — «Алтын күз» ордені және “Құрмет” ордені иегері, «Қазақ үні» газеті ЖШС президенті, Мәжіліс депутаты Қазыбек Исаның сұхбаты жарияланды. Сұхбат барысында ел арасында дау туғызған жыныс ауыстыру мәселесі айтылды. Қазақстанда жыныс ауыстыруға рұқсат берілді. Бұл сұмдыққа кім кінәлі? «Біз бұған «Қазақ үнінде» жауап бердік. Депутат ретінде мен қарсымын. Халықаралық ұйымға мүшеміз, Еуропарламент бізді сынайды екен деп ұлттық ұғымнан ажырамауымыз керек. Біз Азиядағы қазақ деген ұлттың өкіліміз. Бұған «Қазақ үні» сайтының бас редакторы, дарынды ақын, «Дарын» сыйлығының лауреаты Азамат Тасқараұлы керемет жауап берді. Адамның жынысын ауыстырғанша, Цойдың миын…
Бұл қаржыға дәрі-дәрмек, медқызметкерелердің еңбегі мен аппараттардың қызмет түрі кіреді. Бұл туралы Аzattyq-ruhy.kz хабарлайды. КВИ жұқтырған бір науқасты емдеуге 1 млн теңге жұмсалады. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев айтты. Министрлік короновируспен ауырған әр науқасты емдеуге екі түрлі тариф бекіткен. Басқарма басшысының сөзінше, тарифтің құрамына дәрі-дәрмектен бөлек, медқызметкрелердің еңбегі мен аппараттардың қызмет көрсету құны да кіреді. КВИ-дің жеңіл түрімен ауырған бір адамды сауықтыруға жарты миллион теңгедей қаржы жұмсалады. «Бұл сұрақты екіге бөлуге болады. Бұрын жаңа жылға дейін әр науқасты ауруханаға жатқан күндерімен есептейтін. Әр күннің өз бағасы болды. Қазір екі түрлі тариф қарастырылған. Короновирус жұқтырған ауыр…
Атырау облысында соңғы екі тәулікте 111 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Соңғы екі тәулікте қауіпті вирусқа шалдыққандар саны Атырау қаласы мен Теңіз кенішінде күрт өскен. Мәселен, өңірде 22 наурызда 48 , ал 23 наурызда 63 науқас тіркелген. Оның ішінде Атырау қаласында екі тәулікте 53 адамнан коронавирус инфекциясының белгісі анықталған. Ал, Теңіз кенішінде екі тәулікте 36 жұмысшы қауіпті індетті жұқтырған. Сондай-ақ, екі тәулікте Жылыой, Құрманғазы, Қызылқоға, Исатай аудандарының тұрғындарынан да қауіпті вирус анықталып отыр. Әсіресе, Жылыойда -9, ал, Құрманғазы ауданында 11 науқас тіркелген. Қазір 213 пациент үй жағдайында ем алуды жалғастыруда. Облыстық инфекциялық стационарда 33, модульдік стационарда 78,…
Қазақстанның Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов қазақстандықтарға ескерту айтты. Бұл туралы министрліктің ресми сайты хабарлады. – Соңғы күндері Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалатыны өздеріңізге белгілі. Кеше елдің екі ірі мегаполисінде COVID-19-бен сырқаттанушылық ел бойынша анықталған барлық жағдайлардың 55%-ын құрады. Коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупінің жоғары болуы қоғамдық орындарға, сауда орталықтарына, базарларға барумен, бұқаралық іс-шараларды (үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.) өткізумен, қоғамдық көлікте алдын алу шараларын сақтамаумен, сондай-ақ үй карантинін сақтамаумен байланысты, – деді бас санитар дәрігер. Ерлан Қиясовтың айтуынша, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында коронавирустың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында өңірлік жедел штабтардың шешімі бойынша бірқатар шектеу…
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов қазақстандықтарға үндеу жолдады. Ол ел тұрғындарын Нұр-Сұлтан мен Алматыға барудан бас тартуға және Наурыз мейрамында қонаққа бармауды сұрады, деп хабарлайды Covid-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия. — Өздеріңізге белгілі, соңғы күндері Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалады. Кеше елдің екі ірі мегаполисінде Covid-19 ауруы ел бойынша анықталған барлық жағдайлардың 55% – ын құрады. Коронавирустық инфекцияны жұқтырудың жоғары қаупі Коронавирустық инфекцияны жұқтырудың жоғары қаупі қоғамдық орындарға, сауда орталықтарына, базарларға, бұқаралық іс-шараларды (үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.) өткізуге байланысты. Қоғамдық көлікте алдын алу шараларын сақтамау, сондай-ақ үй карантинін сақтамауға байланысты індет тез…
