Автор: Сайт әкімшілігі

Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «қызыл» аймақта. Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 26 адам тіркелген. Теңіз кенішінде 54 адамнан болса, Құрманғазы және Индер ауданында 1 адамнан инфекция анықталған. Covid-19 инфекциясын жұқтырған 17 науқаста ауру симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 81 адам емделіп шықты. Айта кетейік, қазіргі уақытта 232 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 8 науқас, модульдік стационарда 109, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 18 адам ем қабылдауда. Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 266 адам ем қабылдауда.

Read More

2021 жылғы қаңтардан ақпанға дейін көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен жалпы сомасы 45,6 млрд теңгеге орта есеппен 433,6 мың отбасы қамтылды.  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім еткендей, 2021 жылғы ақпанда жәрдемақының бұл түрін 436,9 мың отбасы жалпы сомасы 23,1 млрд теңгеге алды. Аталған мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады. 2021 жылы төлем мөлшері балалардың санына байланысты 46 760 теңгеден (4 бала) 81 852 теңгеге (7 бала) дейін сараланды, 8 балаға – 93 344 теңге,…

Read More

Атыраудағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары қоршаған ортаға пайдасыз пластикті биопластикке алмастыруды ұсынды. Хадиша Сагенова мен Нұрай Қоспаева күнделікті тұрмыста қолданылатын картоптың қабығынан биопластик өндіретін жоба әзірлеген. Қос жасөспірім ойларын карантин кезіндегі 9 ай ішінде  үй жағдайында  жүзеге асырыпты.  Жобада қолданылатын ингредиенттердің барлығы қауіпсіз. Оқушылар тәжірибенің негізгі компоненті ретінде картоптың қабығын, дәлірек айтсақ крахмалды алған. Яғни биопластиктің құрамына әр үйден табылатын реагенттер мен өсімдіктердің қалдығы қолданылады.  Мұғалімдердің сөзінше, олар дәл қазіргі таңда биопластиктің құрамын жетілдіру үстінде. Яғни, шикізатты қайта өңдеу арқылы қоршаған ортаға келетін залал азая түспек. Ол үшін оқушылар өнімге полипропилен мен полиэтилен қалдықтарын қосады. Нәтижесінде, жоба қарапайым пластиктерге де…

Read More

Павлодарлық азаматтың «Маңғыстау газы 48 теңгеден сатылуда», — деген ақпараты шындыққа жанаспайды. Бұл туралы  mangystaumedia.kz сайты хабарлайды. Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Павлодар қаласы Жаңаөзеннен 3000 шақырым қашықта орналасқан. Тіпті ең аз көлік шығындарымен есептегеннің өзінде, Жаңаөзеннің «ҚазГӨЗ» – нан шығарылған сұйытылған мұнай газын 50 теңгеден төмен бағамен сату тиімсіз. Видеоның авторы көрсетілген көлік отынының Маңғыстау облысында шығарылғанына бір де бір дәлел келтіре алмайды. Сондай-ақ, ол бейне материалды растау немесе теріске шығару үшін өзі туралы ақпарат қалдырмаған. Сондықтан, бұл бейнені ресми ақпарат ретінде қабылдауға болмайды, делінген ақпаратта.

Read More

АҚШ-тағы төтенше жағдайдың жарияланғанына наурыз айында бір жыл толды. Бұл туралы  «Хабар 24» хабарлайды.  Осы уақыт аралығында америкалықтардың 30 миллионға жуығы ковид індетін жұқтырып, 540 мыңнан астамы қайтыс болды. Елдің үкіметі жағдайды жақсарту үшін вакцина салдырудағы шектеулерді барынша жеңілдету қажет екенін айтады. Осы аптадан бастап АҚШ-тың бірнеше штатында ковид-19 вакцинасын 16 жасқа толған кез келген ересек американдық ала алады. Бұл тізімге бүгін Техас, Индиана, және Джорджия штаттары да қосылды. Айта кетейік, 16-ға толғандарға әзірге тек Phfizer Biontech компаниясының екпесі ғана егіледі. Ал Moderna және Johnson & Johnson вакциналары болса тек 18 жасқа толғандарға ғана рұқсат. Мамандардың айтуынша, ковид екпесінің барынша қолжетімді…

Read More

АҚШ науқастар саны көш бастап тұр. АҚШ-та коронавирус дертіне шалдыққандардың саны 30 миллионнан асты. Бұл туралы inbusiness.kz хабарлайды. Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, пандемия басталғалы Құрама Штаттарда вирус жұқтырудың 30 009 771 фактісі тіркелген. Осы күнге дейін 545 237 жергілікті тұрғын қауіпті аурудан қайтыс болды. Науқастар саны бойынша бұл ел қазір көш бастап тұр. Жалпы, барлық елдердегі науқастар саны 124,7 миллионнан асқан. Оның 70,7 миллионнан астамы емделсе, 2,7 миллионы қаза тапқан. Бұған дейін BioNTech компаниясының бас директоры Угур Шахин Еуропа мен АҚШ-та енгізілген шектеу шараларын жаздың соңында алып тастауға болады деп болжаған еді.

Read More

Ұлыбританияның құпия өлімді зерттейтін ресми өкілі Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Айсұлтан Назарбаевтың қазасына есірткіге тәуелділік себеп болды деген қорытынды жасады. Бұл туралы  «Азаттық Радиосы» хабарлайды. Зерттеу нәтижесі 24 наурызда жарияланды. Оның нәтижесі бұрынғы президенттің немересінің қазасы төңірегіндегі түрлі күдік-дүдәмалдарды сейілтеді деп айтылады. Айсұлтан 2020 жылы 16 тамызда Лондондағы саябақтан ессіз күйде табылған еді. Кейінірек оның қайтыс болғаны жайлы хабар тарады. Айсұлтан Назарбаев жылдар бойы есірткіге тәуелділікпен күрескен. Ол сонымен бірге өзінің отбасын бірнеше рет жемқорлық үшін айыптаған. Бұл оның қазасына байланысты түрлі жорамалдардың туындауына себеп болған еді.

Read More

Мамандандырылған ХҚКО-нда көрсетілетін  сервистерді пайдалану  мүмкін болмай жатыр. Бұған себеп —  ҚР Ішкі істер министрлігінің ақпараттық базасындағы техникалық ақаулар. Оның ішінде жүргізуші куәлігін беру, жарамдылық мерзімі өткен құжатты ауыстыру және көліктерді есепке тіркеу мен шығару, оған қоса көлік нөмірлерін ауыстырып беру сынды қызметтер қолжетімсіз болып отыр.Түсірілім тобы барған сәтте орталық іші қазандай қайнап жатты. Көпшілік база  қалыпқа келер деген үмітпен күтіп отырғанын жасырмайды. Басшылық болса бүгінгі техникалық ақаулардың қашан қалыпқа  келетінін дөп басып айта алмаймыз дейді. Жалпы мамандандырылған ХҚКО күніне шамамен күніне 500 адамға 30-ға жуық бағытта қызмет көрсетеді. Қалай десек те, құжат соңында жүрген құжынаған халыққа қалыпты жұмыстың қашан…

Read More

Қазақстанда күнбағыс майы қымбаттады. 2021 жылдың ақпан айында  базарлар мен дүкендердегі күнбағыс майының бір литрі 625 теңгеге сатылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 44,5 пайызға қымбат. Атырауда күнбағыс майының бағасы қымбаттаған. Бір литрі 723 теңге. Күнбағыс майы қымбат өңірлер қатарына Нұр-Сұлтан мен Алматы кірді. Нұр-Сұлтанда бір литр май — 651 теңге болса, Алматыдағы құны — 648 теңгені құрады. Күнбағыс майы ең арзан өңір Петропавл, литрі — 562 теңге.

Read More

Қазақстанда күнбағыс майы қымбаттады. 2021 жылдың ақпан айында  базарлар мен дүкендердегі күнбағыс майының бір литрі 625 теңгеге сатылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 44,5 пайызға қымбат. Атырауда күнбағыс майының бағасы қымбаттаған. Бір литрі 723 теңге. Күнбағыс майы қымбат өңірлер қатарына Нұр-Сұлтан мен Алматы кірді. Нұр-Сұлтанда бір литр май — 651 теңге болса, Алматыдағы құны — 648 теңгені құрады. Күнбағыс майы ең арзан өңір Петропавл, литрі — 562 теңге.

Read More