«Атырау облысының халқы арасында коронавирус инфекциясы ауруларының алдын алу жөніндегі карантин шараларын күшейту туралы» Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107-баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары мен пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішіндегі карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы…
Автор: Сайт әкімшілігі
Оқушыларды 40 минут бойы маска тағып отыруға мәжбүрлеу – қиын. Бұл туралы Орталық коммуникциялар қызметінде өткен IV тоқсандағы оқу форматы туралы брифингіде айтылды. «Еліміздің бас санитар дәрігерінің 25 наурызда қабылдаған қаулысы «жасыл» және «сары» аймақтағы мектептерге ғана қатысты. Осыған байланысты «Сыныпта маска тақпай отыруға болады» деген шешімнің «қызыл» аймақта орналасқан мектептерге қатысы жоқ», — дейді ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің тамақтану, білім және тәрбиелеу объектілерін санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау басқармасының басшысы Марал Рахымжанова. Оның айтуынша, оқушыларды 40 минут бойы маска тағып отыруға мәжбүрлеу – қиын. «Тамақтанатын жерде маска шешіп отыруға болатыны сияқты, сабақ оқып отырған кезде де маска шешіп отыруға…
Солтүстік Қазақстан облысы білім бөлімінің қызметкерлері кедей отбасындағы балаларға көмек ретінде үкімет есебінен сатып алынған ноутбуктерді ұрлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Tengrinews.kz хаарлайды. Солтүстік қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстағы бір аудан әкімдігінің білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. «Олар пандемия кезінде аз қамтылған отбасынан шыққан аудан мектептерінің оқушылары үшін Үкіметтің шұғыл шығындарға арналған қаражаты есебінен білім басқармасы сатып алған ноутбуктердің бір бөлігін ұрлады деген күдікке ілінді», — деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров. Оның айтуынша, мемлекетке келтірілген залал сомасы 12 миллион теңгеден асқан. «Істің мән-жайы тергеу…
27 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында “Жер сағаты” бүкіл ғаламшарлық акциясы аясында 150-ден астам нысан бір сағатқа электр қуатынан ажыратылады. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады. Ғаламшар ресурстарына жауапты және ұқыпты қарау мақсатында ұйымдастырылған акцияда жыл сайын 180 елден миллиондаған адам 1 сағатқа жарық пен электр құрылғыларын сөндіреді. Әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіштері: Эйфель мұнарасы, Биг Бен, Колизей секілділер өз жарығын сөндіреді. 27 наурызда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 20:30-да елордада келесі нысандардың жарығы өшеді: Астана-Арена, Алау Мұз айдыны, Барыс Арена, Қазмедиа Орталығы, Мәңгілік Ел монументі (триумфалды арка), NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайы, Астана Опера опера және балет театры, Сарайшық көшесіндегі М2 көпірі, Сығанақ…
Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаевтың шешімімен қоғамдық көліктерге кондукторларды қайтару жұмыстары басталды. Бұл туралы Atr.kz хабарлайды. Айта кетейік, қала тұрғындарының тарапынан аталған мәселе бойынша көптеген арыз-шағымдар түскен болатын. Енді жуық арада кондукторлар қызмет көрсететін болады. Олар билет беру және тексеру жұмыстарымен айналысады. Сондай-ақ, жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығына да жауап береді.
Пара алды деген күдікпен Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы ұсталды. Бұл туралы Ақ Жайық сайты хабарлайды. Басылымның жазбасына сүйенсек, шенеунік 25 наурызда таңертең жұмыс орнында ұсталған. Ол жалданған әрбір шетелдік үшін жұмыс берушілерден 500 мың теңге алды деп күдіктелуде.
Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Құжатта 1 сәуірде басталатын оқу жылының төртінші тоқсанын ұйымдастыру тәртібі көрсетілген. Қаулыға сәйкес, 2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында барлық өңірде оқушы саны 300-ден аспайтын мектептерде оқу дәстүрлі форматта өтеді. Бір сыныптағы бала саны 25-тен көп болмауы тиіс. Білім мекемесі әкімшілігінің шешімімен саны 15 оқушыға дейінгі топтарда сабақтан тыс жеке оқыту да ұйымдастырылады. Коронавирус таралуы бойынша «жасыл» және «сары» аймақтағы өңірлерде жалпы білім беру мектептерінде барлық сыныптар аралас форматта оқиды. Бір сыныптағы бала максимум жиырма бес. «Қызыл» аймақтағы өңірлерде аралас форматта: жалпы білім беру мектептерінде — мектеп алды сынып оқушылары, 1-5…
Атырауда «Сергек» камераларымен 41 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды. Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен отырыста белгілі болды. «Атырау қаласындағы 51 көше қиылысы мен 153 желілік учаскеде орнатылған 1224 «Сергек» бейнебақылау камерасының көмегімен 41 014 құқық бұзушылық анықталып, 343 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Биылғы жылдың екі айда 15 825 жол жүру ережесін бұзушылық тіркеліп, 33 қылмыс ашылды», — деді облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Берік Амангелді. Оның айтуынша, Ахуалдық орталықта 20 жұмыс орнын ашып, жол таңбаларын сызуға «Термопластик» қосындысын пайдалану қажеттігі туындап отыр. «Сергек» камераларымен анықталған жолда жүру ережесін бұзғандардың арасында шет елдерде тіркелген көліктер, жалған…
Қазақстанның бас санитария дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. Жаңа қаулы бойынша, ҚР азаматтарының шет елдерде демалысын ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасына COVID-19 әкелінуінің алдын алу жөнінде қосымша шаралар қабылданады. ҚР-ға шетелден келетін адамдарға қойылатын талаптар өзгергені туралы туроператорлар хабардар етіледі. «Медициналық авиация желісі бойынша қолданылатын әуе кемесімен covid-19-ға күдікті пациентті эвакуациялау кезінде эвакуациялау аяқталғаннан кейін әуе кемесінің салоны мен пайдаланылған заттар дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып зарарсыздандыруға жатады», — делінген қаулы мәтінінде. Қаулыдағы тағы бір жаңалық — медицина қызметкерлері демалыстан, іссапардан, ауруына байланысты жұмыс орнында болмағаннан кейін, медициналық ЖОО-лар мен медициналық колледждердің студенттері медициналық ұйымдарда практиканың басталуы…
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлайды. Премьер-министр Қазақстанда цифрлық платформа құру туралы Мемлекет басшысының берген тапсырмасының орындалу барысы жайында баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев мұқтаж азаматтарды сапалы баспанамен барынша қамтамасыз ету мақсатында Үкіметке «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын толыққанды іске асыруға қатысты проблемаларды шешуге ерекше назар аударуды тапсырды. Үкімет жергілікті маңызы бар жоғары сапалы жолдарды жөндеу және салу мәселелерімен айналысуы керек. Азаматтарға вакцина салуды ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету және биылғы белгіленген шекке (6 млн адам) қол жеткізу мәселесі де өзекті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Үкімет пен облыс әкімдеріне азық-түлік бағасының одан әрі өсуіне жол бермеу үшін бақылауды күшейтуді…
