Автор: Сайт әкімшілігі

Ақтауда бір топ қыз 7-шағынауданда ораналасқан «Арабелла» кафесі есігінің шыны бөлігін балғамен сындырған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Оқиға бүгін таңертең болған. Камераға жасөспірімдердің есіктің шыны бөлігін балғамен қалай ұрғанын түсіп қалған. Кафе иесінің айтуынша, қыздар ештеңе ұрламаған. Тәртіп бұзған қыздар оқиға орнынан қашып үлгерген. Дегенмен кәсіп иесі болған оқиғаны айтып, полицияға шағымданбаған. Кәсіпкер аталған бойжеткендер өз кінәсін түсініп, келген шығынды өздері өтеп береді деген үмітте. «Біз бұл мәселемен полицияға әлі жүгінген жоқпыз. Мен қыздардың өмірін бұзғым келмейді. Бір түсініспеушілік болған болар. Олардың ата-анасы таспаны көрсе, өздері кінәсін мойындап, келген шығынды өтеп береді деген үміттемін», -…

Read More

Тағы да шектеу. Атырауда коронавирустық инфекцияны жұқтырғандардың саны азаймаса локдаун енгізілуі мүмкін. Бірнеше күн бұрын қызыл аймаққа енген өңірдің эпидемологиялық ахуалы жақсы емес. Тек соңғы аптада қауіпті дерттің ілмегіне 500-ден астам жан ілінген.Оның жартысынан көбі қала тұрғындары. Бұл өсімді мамандар тұрғындардың санитарлық талаптарға немкетті қарауынан дейді. Соған байланысты Атырау облысында шектеулер күшейтілді. Нақтырақ айтсақ, енді мейрамхналар тек кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді. Ал, ойын сауда орталықтары мен сауда үйлері, базарлар сенбі, жексенбі тұрғындарға қызмет көрсетпейді. Сонымен қатар, жаңа қаулыға сәйкес бүгіннен бастап мәдени нысандардың яғни, театр мен кинотеатрлардың жұмысы тоқтады. Оған қоса, демалыс күндері СПА орталықтар, сауналар мен бассейндер жұмыс…

Read More

19 жастағы Аяжан Еділованың өліміне күдікті ретінде ұсталған 28 жастағы ер адам өзін-өзі өлтіру әрекетінен кейін қалпына келіп, ауруханадан шығарылды. Бұл ақпаратты Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі растады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, күдікті ауруханадан шығарылды. Сот күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын таңдағандықтан, оны сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде қамауға алу орнына ауыстырды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін. Айта кетейік, 19 наурызда Алматы қаласының тұрғыны Аяжан Еділова жұмыстан шығып, үйіне оралмаған. Бірнеше күннен кейін Алматы полиция департаменті қыздың…

Read More

Қазақстанда коронавирусқа қарсы қытайлық Sinovac вакцинаның үш миллион дозасы мен COVID-19 жұқтырып, аурудан айыққан адамдарға арналған «Спутник Лайт» ресейлік вакцинаның тағы бір миллион дозасы жеткізіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Сонымен қатар, Pfizer жеткізу үшін келіссөздер жүріп жатыр. «Қазір Қазақстанға 150 мың доза келе жатыр. Келесі аптада жетеді деп ойлаймын. Қарағандыдағы зауытта барлығы 750 мың доза өндірілді. Техниканың жұмысы оларды аймақтарға жеткізу, бір апта ішінде көлем орындалады деп ойлаймын. Сонымен қатар, келесі айда қарағандылық фармзауыт бір миллион доза шығарады», — деді министр Алматыдағы медициналық қоғамдастық отырысында сөйлеген сөзінде. Сондай-ақ, Цой вакциналардың импорты туралы айтты. «Спутник V»-дан бөлек…

Read More

Желіде Жаңаөзенде түсірілген қарулы полиция қызметкерлерінің видеосы пайда болды. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қала аумағында терроризмге қарсы операция жүргенін айтты. Бұл туралы Lada.kz сайты хабарлайды. Жаңаөзен полициясы 25-26 наурыз аралығында арнайы операция жүргізді. «Қала тұрғындарынан үрейленбеуін сұраймыз. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысына түсіністік танытып, мүмкіндігінше оларға көмек көрсетуге тырысыңыз», — деді баспасөз қызметіндегілер. Олар қала тұрғындарынан иесіз сөмке, қорап, сүлгі, шабадандарға және басқа да заттарға, әсіресе оларда сымдар болса назар салып жүруді сұрады. «Күдікті заттарды ұстамаңыз және белгісіз біреулер ұсынған заттарды сақтауға немесе тасымалдауға алмаңыз», — деп толықтырды баспасөз қызметі өкілдері. Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz…

Read More

Алматыда коронавирустың үшінші толқыны басталды. Бұл туралы Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Аkimat Live бағдарламасында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Былтырғы жылмен салыстырғанда жағдай күрделі. Кеше коронавирус 450 адамнан анықталса, бүгін 510-ы тіркелді. Бұл жаңа штамның пайда болуынан өсіп отыр. Қалалықтар жағдайды түсіну керек. Барлық санитарлық норманы сақтау қажет. Соңғы кезде адамдар маска тақпайтын болды. Бұл вирус жақын арада кетпейді, оны бәріміз білеміз және түсінеміз. Вирус бізбен қалады. Толықтай вакцина алып, ұжымдық иммунит қалыптастыру керек»,-дейді әкім. Оның айтуынша, қалада коронавирустың үшінші толқыны басталды. Алайда, халық әлі де сенбейді. «Адам өз басына тимейінше сенбейді. Маған қатысы жоқ деп ойлайды. Сондықтан маска тақпайды. Былтырмен…

Read More

Жұмысқа бара жатып жоғалып кеткен Атырау тұрғыны Тыныштық Оразғалиевтің денесі Жайық өзенінен балық аулау торына оралған күйінде табылды. Бұл туралы  «Ақ Жайық» хабарлайды. «26 наурызда сағат 20.00 шамасында Жайық өзенінен 20 күн бұрын жоғалып кеткен 53 жастағы Тыныштық Оразғалиевтің денесі табылды. Туыстарының айтуынша, мәйіт балық аулау торына оралған. Енді ол сараптамаға жіберілді », – делінген хабарламада. Оразғалиев 6 наурыз күні үйінен жұмысқа кетіп, жоғалып кеткен. Осы уақыт ішінде оны құтқарушылар, кинологтар мен еріктілер іздеді.

Read More

Мектептерде оқу үрдісін ұйымдастыру кезінде барлық санитарлық іс-шаралар қарастырылатын болады. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады. «Министрлік негізгі пәндерді штаттық форматта оқытуды, ал музыка, көркем еңбек, информатика, құқық негіздері, графика және жобалау, кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәндерін қашықтан өткізуді ұсынып отыр. Дене шынықтыру сабақтарын таза ауада өткізу бойынша ұсыныс берілді» , – делінген ведомство мәліметінде. Білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға болады. Мектеп асханаларының жұмысы жергілікті әкімдіктердің шешімі әрі бас санитарлық дәрігерлердің келісімі бойынша санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, ұйымдастырылады. «Міндетті мектеп формасын киюдің қажеті жоқ, сабаққа еркін және ұқыпты киімде…

Read More

Батыс Қазақстан облысында жасы 14-тен асқан оқушылар жазғы демалыста айына 42 500 теңгеден ақша таба алады. Бұл бастама «Менің аулам – менің бақшам» жобасы аясында іске асырылмақ. Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысы 12 ауданының мектептері осы идеяға қолдау білдірген. Оқушылар ата-анасы келісім берген жағдайда жаз бойы бау-бақшада еңбектенеді, деп хабарлайды «Еуразия» арнасы. «Жобаға қаланың жеті мектебі қатысады. Оқушыларға үш ай демалысты тиімді және пайдалы өткізуге мүмкіндік бергіміз келеді. Орал қаласының жұмыспен қамту орталығы 120 оқушыға 42 500 теңге төлейді», – деді қалалық білім бөлімінің қызметкері Тұрсын Теміршеева.

Read More

Жұма күні Мысыр елінің оңтүстігінде екі жолаушы пойызының соқтығысуы салдарынан 32 адам қаза болып, кем дегенде 66 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.  Қайғылы оқиға ел астанасы Каир қаласынан оңтүстікке қарай, Соқаг провинциясында болған. Үш вагон аударылған. Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, оқиға орнына 36 жедел жәрдем көлігі жіберілді, олар зардап шеккендерді жақын маңдағы ауруханаларға жеткізіп жатыр. Мысырдың Бас прокуратурасы апатты тергеу амалдарын бастады, ал Көлік министрі Кәмел әл-Уазир – екі пойыздың машинистерін қамауға алуды бұйырды. Тергеушілерден арнайы комиссия құрылып, оның жұмысын елдің премьер-министрі Мұстафа Мадбули жеке бақылауына алды. Апат салдарынан елдің оңтүстік бағытқа қатынайтын пойыздар қозғалысы…

Read More