Экологиялық ұйымдар қауымдастығы президиумының төрайымы Әлия Назарбаева коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы ол бүгін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Жазбаға сәйкес, Назарбаева Қытай елінде жасалған вакцина алды. Екпе салдырғаннан кейін қоғам қайраткері өзін жақсы сезінгенін жеткізді. Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.
Автор: Сайт әкімшілігі
1 сәуірден бастап жылу электр станцияларының шекті тарифтері оларды жаңғыртуды қаржыландыру үшін орта есеппен 15%-ға артады, деп мәлімдеді ҚР энергетика вице-министрі Қайрат Рахимов. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды. Қазақстанда 45 энергия өндіруші ұйымның (ЭӨҰ) 37-сінің шекті тарифтері 2021 жылғы 1 сәуірден бастап ұлғайтылатын болады. Берілген өтінімдер бойынша шекті тарифтердің өсуі 36% деңгейінде болжанды. Жарты жылдан астам уақыт ішінде берілген өтінімдердің негізділігіне талдау жүргізілді. Жүргізілген жұмыстар мен талқылаулардың нәтижесінде станциялардың шекті тарифтерінің мәлімделген деңгейінің арту үлесі екі еседен астам төмендетілді. – Оларды қарау кезінде министрлік әрбір жағдай бойынша жеке тәсіл қолданды. Уақтылы шешімді талап ететін өтінімдер назарға алынды. Қазақстан бойынша энергия өндіруші…
15 мен 30 наурыз аралығында Маңғыстау обылсы бойынша мектеп оқушыларының арасында коронавирус инфекциясын жұқтырған 16 жағдай, мұғалімдер арасында 6 жағдай тіркелді. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы санитариялық- эпидемиологиялық департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлім етті. Оның айтуынша, мектеп оқушылары арасында Ақтау қаласы бойынша №13, 20, 6, 12, 21, 23, 5, 6, 15 мектепте және Назарбаев зияткерлік мектебінде, Мұнайлы ауданы бойынша Қызылтөбе лицейінен 2 жағдай анықталды. Олардың ішінде 9 оқушы оффлайн, 7-еуі онлайн режимде оқиды. «Анықталған 16 оқушының 15-і үйдегі қарым-қатынас арқылы, 1 оқушы жедел отаға дайындық барысында анықталып отыр. Ауырған оқушылардың барлығының шағымы жоқ. Қазіргі уақытта 16…
Вакцина бәріңе бірдей міндетті! Жылыой аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерболат Досмағұловтың қоластындағыларға жолдаған аудио жазбасы әлеуметтік желіде желдей есуде. Бұл аудиожазбаға қатысты Ерболат Досмағұловтың өзі түсінік берді. Оған сенсек, басшы бар болғаны әріптестерінің денсаулығына алаңдаушылық танытқан көрінеді. Ерболат ДОСМАҒҰЛОВ, Жылыой аудандық полиция бөлімінің бастығы -Жылыой ауданы вирус жұқтыру бойынша алдыңғы орында. Карантин басталғалы үздіксіз блок бекет жұмыс істеуде. Дәрігерлермен қатар полицейлер де алдыңғы шепте жүргендер болғандықтан вакцина салдыру кезек күттірмейтін мәселе. Сондықтан осы аудиожазбаны жолдағанмын. Алайда, ешкімді күштеп немесе мәжбүрлеп вакцина салдыруға апарған емеспін. Құрметті тұрғындар, әлеуметтік желі қолданушылары менің аудиожазбаммен таралған ақпарат тек қана жеке құрамға бағытталғанын және олардың…
1 сәуір күні республика бойынша көлік салығын төлеу мерзімі аяқталады. Атырауда ресми түрде 80 мыңға жуық темір тұлпар тіркелген. Ал олардан бюджетке бас-аяғы 1 млрд 400 млн теңгеге жуық қаражат түсуі қажет. Бүгінде осы соманың тек 1млрд теңгесы қазынаға құйылыпты. Бұл әрбір 5-ші жүргізуші көлік салығын төлемеген деген сөз. Автокөлік иелеріне ыңғайлы болу үшін барлық төлем жүйесі автоматтандырылған. Салық төлеуші мүлік, көлік салығын және салық бойынша берешегінің бар-жоғын «e Salyq Azamat» қосымшасы арқылы біле алады. Ол үшін қосымшаны смартфонға жүктесе болғаны. Салықшылардың айтуынша, 6000-ға жуық жүрргізуші екі жылдан бері көлік салығын төлемеген, олардың жалпы қарызы 230 миллион теңге шамасында.
Соңғы аптада облыстың 600-ге жуық тұрғыны коронавирус инфекцисын жұқтырған. Ал, өткен тәулікте 75 азамат қауіпті дертке шалдықса, оның 39 қала тұрғыны. 10 дерек аудандарда тірскелсе, Теңіз кен орнында 26 жұмысшының ПТР сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Мамандардың айтуынша, жағдайдың күрт нашарлауына талаптарды сақтамаған тұрғындардың өздері кінәлі. Ахуал күн сайын күрделеніп бара жатқандықтан, дәрігерлер де аурумен күреске білек сыбана дайындалуда. Жалпы облыс орталығында 320 орындық 2 аурухана, Теңіз кен орнында 1360 орындық стационар мен 7 ауданда 253 адамға шақталған нысан науқастарды қабылдауға қауқарлы. Оған қоса, осы стационарларда 400-ге жуық маман резервте тұрса, қосымша 430 керуерт пен 25 жансақтау төсегі дайын. Денсаулық сақтау…
Атырауда күнбағыс майы тағы да қымбаттады: 1 литрі 723 теңгеден саудалануда. Еnergyprom.kz сайтының мәлеметіне сүйенсек, май бағасы бойынша Атырау көш бастап тұр. Жазира Нұрмұханова ШҚО Үржар ауданынан шығатын майды қаладағы коммуналдық базарлардың бірінде сатады. Оның айтуынша, шикізаттың тапшылығы бағаның көтерілуіне әсер етіп отыр. Қазір ол 5 литр күнбағыс майын 3000 теңгеден сатып отыр. Жалпы, қаладағы көтерме дүкендерде 1 литр май 589 теңгеден басталып, сапасына қарай 715 теңгеге дейін жетеді. Ал қарапайым дүкендерде күнбағыс майының литрі 600 теңге мен 815 теңге аралығында. Атырау қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Руслан Давлетовтың айтуынша, бағаның өсіміне шикізаттың тапшылығы себеп болып отыр. Бірақ, бағаны…
Мұнайлы астана тұрғындары қала мәртебесін ауыстыруды сұрауда. Атырау облысында соңғы жылдары өңірді «экологиялық апат аймағы» деп танып, тұрғындарына өтемақы төлеу мәселесі дүркін-дүркін көтеріліп тұр. Оған, негізінен, экологияны ластап жатқан өндірістік қалдықтардың салдарынан ауа, су, топырақ құрамының бүлініп, халықтың денсаулығына зиянын тигізе бастағаны басты фактор ретінде аталуда. Бұл туралы inbusiness.kz хабарлайды. Қазіргі күні бұл мәселені көтеріп, жұмыстанып жүргендердің бірі — тау инженері, мемлекет қызметі, мұнай-газ, кәсіподақ салаларының ардагері, зейнеткер Сергей Алпатанов. «Мен бірқатар экологтармен, сала мамандарымен сөйлестім, Атырауға «экологиялық апат аймағы» мәртебесін беріп, әр тұрғынға экологиялық коэффицент төлеу үшін ауа, жер, су, тағы басқа табиғат құрамының халықаралық стандарттарға сай келетін көрсеткіштері…
Бұл туралы Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ержан Төлек өзінің «Фейсбук» парақшасында жазды. – Күн өткен сайын Атырау қаласының көрікті жерлері көбейіп келеді. Бүгінгі таңда саябақтар, жағалаулар мен аллеялар халықтың көңілінен шығар демалыс орындарына айналып отыр. Ал, оның тазалығы – әр келушінің адами қасиетімен тікелей ұштасып жатқаны белгілі. ⠀ Аталған серуен орындарын таза ұстау мақсатында «Арнаулыавтобаза» ЖШС пластмасса бөтелкелерге арналған жаңа пішіндегі тор жәшіктерді орнатты. Әзірге бөтелке пішінді қоқыс жәшіктері Исатай-Махамбет алаңы мен жағалауға қойылған. Мекеме өкілдері алдағы уақытта бұлардың санын көбейтуді жоспарлап отыр. ⠀ Ендеше, «Атырау – таза қала!» ұранын бір сәт естен естен шығармай, сүйікті қаламызды тазалығына бірге…
Пара алды деген күдікке ілінген Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Серік Қамидоллоға халық қолдау көрсетуде. Сот алдына жиналған қауым сот орындаушысын қоршауға алып, одан шенеунікке қатысты нақты айғақтарды көрсетуді талап етті. Алайда ол көліктен түспеді. Айта кетейік наурыздың 25-і күні облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Серік Қамидоллоға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері ҚР ҚК-нің «бірнеше рет пара алу», «Қомақты мөлшерде пара беру» және «Алаяқтық» баптары бойынша айып таққан еді. Дегенмен жиылғандар мұны жабылған жала деп отыр. Ләззат ҚУАТБАЕВА, Атырау қаласының тұрғыны Осы әлеуметтік желі қалай басталғалы бері ештеңеден қорықпай бәрін еркін…
