Автор: Сайт әкімшілігі

Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген сәулетшісі, Елтаңба авторы Шота (Шот-Аман) Уәлиханов 89 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бұл туралы  Tengrinews.kz хабарлайды. Сәулетшінің қайтыс болғанын мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова естіртті. «Шот-Аман Уәлихановтың отбасы мен туған-туыстарына! Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің атынан көрнекті сәулетші, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат», «Отан», «Даңқ» орденінің иегері, Қазақстан Республикасы мемлекеттік Елтаңбасының авторы, Тəуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, ҚР сəулетшілер, дизайнерлер, жазушылар суретшілер одағының мүшесі, бүкіләлемдік Шыңғыс хан академиясының, Шығыс елдері Халықаралық сәулет академиясының, халықаралық сəулет академиясының академигі (Ресей Федерациясы) Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихановтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. (…) Ғибратты…

Read More

Атырауда бес жасар бала 4-ші қабаттан құлап кеткен. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жыл басынан бері Атырауда көп қабатты тұрғын үйлердің терезесінен 10-ға жуық баланың құлап кетуі тіркелген. «Терезенің ашық қалуынан 2-7 жас аралығындағы балалар жиі құлайды. Өйткені, олар терезенің алдында ойнау қауіпті екенін ескермейді. Ал, ата-аналар осындай жастағы балаларды қараусыз қалдырады. Мәселен, 27 наурызда бес жасар бала 4-ші қабаттағы пәтер терезесінен құлап кеткен. Оны ата-анасы терезесі ашық тұрған бөлмеде жалғыз қалдырған» — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен. Қазір жарақат алған бала облыстық балалар ауруханасында емделіп жатыр.

Read More

Атыраулықтар  тапкан табыстарының көп бөлігін азық түлікке жұмсайды. Статистика Департаменті берген мәліметтерге сүйенсек,  бір отбасы тамаққа айына 134 000 теңгеге жуық ақша шығарады. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 15 пайызға артқан. Тапқан қаражаттың ең көп бөлігі  ең бірінші кезекте ет және еттен жасалатын, содан кейін нан және жарма, сүт пен сүт өнімдеріне жұмсалады, — дейді статист мамандар. Дамет РЫСҚАЛИЕВА, ҚР старатегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика  бюросының АОД басқармасының бас маманы 2020 жылдың төртінші тоқсанында Облыс тұрғындарының азық-түлікке кететін шығынының үлесі олардың барлық шығынының 62,8% құрап отыр.  Бұл республика деңгейіндегі ең жоғары көрсеткіш.  Атыраулықтар бір ауыздан азық-түлік бағасының күннен күнге…

Read More

Аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Ақтау халықаралық әуежайында төтенше жағдай болды. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды. Төтенше жағдай 30 наурызда әуежай территориясында орын алған. Ғимараттың жолаушылар ұшаққа өтетін бөлігіне механикалық баспалдақты алып жүретін техника соғылған. Салдарынан ғимаратқа зақым келді, деп хабарлады lada.kz. Аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендер жоқ.

Read More

Атыраулық полицейлер жалпы құны 50 миллион теңге болатын есірткіні  тәркіледі.  24 жастағы  Жамбыл облысының тумасы 3 мыңнан астам синтетикалық көкнәрдің дозасын жалдамалы пәтерде сақтаған. Егер оның кінәсі дәлелденсе, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырлуы мүмкін. Жалпы биыл жыл басынан бері атыраулық полицейлер заңсыз айналымнан 1 келіден астам синтетикалық есірткіні тәркілеген.  Гүлназира МҰХТАРОВА, Атырау облыстық ПД ресми өкілі  Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі, яғни аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену,сақтау, тасымалдау бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде. Ұсталған азамат қазіргі кезде Атырау қаласы полиция басқармасының уақытша оқушалау…

Read More

Оңай олжа табам деп, жауапкершілікке тартылды. Маңғыстауда  қызмет бабын асыра пайдаланған  онкологиялық диспансер басшысы Нұрлан Жариевтің  іс-әрекеті  әшкере болды. Басшы мемлекеттік сатып  алу кезінде заң бұзушылыққа жол берген. Яғни, әйелінің атына тіркелген серіктестікке бір миллион жеті жүз  мың  теңге көлемінде ақша  аударып,  өз ара келісім шарт жасады. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің облыстағы өкілі мәлімдеді. Ал, облыстың  бас онкологы болса,  артық қаражат жұмсалып,  кемшілік жібергенін мойындап отыр. Десе де, пандемия кезінде 80 маманның тәжірибесін шыңдап, олардың  арнайы курстан өтуі  үшін  осындай қадамға барғанын айтып ақталуда. « Қызметкерлер орталық есебінен оқыды,  әр қайысысына  90-95 мың теңге ақша бөлінді» -…

Read More

Қамқор азаматтардың күшімен миллиард теңге жиналды. 29 наурыз күні кешке Эмирдің ата-анасы Сабина Дәулетқалиева мен Талех Шахмаров әлеуметтік желілерде жақсы жаңалықтар туралы хабарлады. ⠀ «Құрметті достар, сіздерге керемет жаңалығымыз бар. Жинақ жабылды, қажетті қаражат жиналды. Біз бәрін құттықтаймыз және бізге көрсеткен қолдауы мен сенімі үшін шексіз алғысымызды білдіргіміз келеді. Бұл сіздердің арқаларыңыздамүмкін болды. Біз сондай-ақ белгісіз көмекшімізге алғыс айтамыз. Ол үлкен мөлшерде үлес қосты. Осылайша біздің Эмир үшін оңалту шығындарын ескере отырып, төлемді жапты. Біз төлемдерді жабудың маңызды факторларының бірі Ресейде емделу мүмкіндігі барын атап өткіміз келеді. ⠀ Мүмкін емес болып көрінетін бұл қаражаттың жиналғаны жұлынның бұлшықет атрофиясымен ауыратын балалардың…

Read More

«Сиыр» жылы – елдің жаһандануына ең оңтайлы кезең болады. Нумеролог Құралай Бақытқызының болжамы осындай. Ал, экстрасенс Қажет Ахметжанова коронавирустан құтылатын уақытты айтып берді. 2021 жылда қазақстандықтарды не күтіп тұр?  Болашақты болжаушылармен тілдескен әріптесім Асылбек Данияр айтып береді. Сандардың сырын ашқан нумеролог, алдағы жылы да медицина қызметкерлері мен әскерилерге артылған жүк азаймайтынын жеткізді. Дегенмен, 2020-шы жылдағыдай қиындықтар болмайды, дейді. Жыл диханшыларға, бизнес бастағандарға қолайлы болмақ. Құралай БАҚЫТҚЫЗЫ, НУМЕРОЛОГ: Осы жыл ауыл шаруашылығын дамытып, халықтың экономикалық жағдайын жақсартуға жақсы мүмкіндік бар. Адам жоқтан барды жасап, өзін дамытып бір кәсіпті игеріп алдыға шағын бизнес ашады ма? Жалпы, өзін дамытып, бағалап, өсетін жыл. Құралай Бақытқызы…

Read More

Қазақстан коронавирустың асқан жылдамдықпен таралуына байланысты «қызыл» аймаққа өтті. Аталған аймақта әлі де Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Атырау, Батыс Қазақстан облыстары бар. «Сары» аймақта — Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстары. «Жасыл» аймақта — қалған барлық өңір.

Read More

Қазақстанда жұмыртқа бірден 33 пайызға қымбаттады. Бұл туралы —  Energyprom.kz сайтына хабарлайды. 2021 жылдың ақпанында бірінші санаттағы жұмыртқалардың бағасы жылдық динамикада бірден 32,9 пайызға және бір айда 3,6 пайызға өсті. Елдегі базарлар мен дүкендерде жұмыртқа бағасы 411 теңге болды. Ең қымбат баға Алматыда (оны — 474 теңге), арзаны Петропавлда (оны — 340 теңге) тіркелді. «34 ірі құс фабрикасының 13-інде жұмыртқа бағасын өзара келісіп қою белгілері анықталды. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады. Жыл басынан бері екі айда жұмыртқа бағасы 11,5 пайызға өскен (былтыр осы кезеңде баға 1,4 пайызға төмендеген). Бағаның өсуіне құс тұмауының өршуі және құс санының азаюы…

Read More