Атырауда маса улау жұмыстары басталды. Бұл үшін қазынадан 100 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Мердігер мекеме арнайы кесте бойынша қаладағы тұрғынүйлердің жертөлелері мен подьездерін улайды. Лесхоз шағын ауданында басталған жұмыс қазір Вокзал маңы ықшам ауданында жүріп жатыр. Дезинфекторлардың айтуынша, қансорғыштарға қарсы күрес айына бір рет, қараша айына дейін жасалады. Ал қолданылатын препараттардың адам ағзасына зияны жоқ. Улау жұмыстарына 25-ке жуық маман жұмылдырылған. Дезинфекторлардың сөзіне сенсек, масаға қарсы дәрі-дәрмек тиісті жерлерге себілгеннен кейін 18 күнде нәтиже беретін көрінеді.
Автор: Сайт әкімшілігі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы іс-қимыл жөнінде кеңесте індеттің қайта өршіп келе жатқанын айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл шаралары бойынша кеңес өткізіп жатыр. «Жалпы алғанда, қазіргі жағдайымыз жақсы емес. Тіпті ахуал өте күрделі деп айтуға болады. Коронавирус індеті қайта өршіп келеді. Мұны Қазақстан ғана емес, басқа да елдер басынан өткеріп жатыр. Оның негізгі себебі вирустың мутацияланған жаңа штамдары болып отыр»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Шара барысында COVID-19-ға байланысты елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шаралар кешені, сондай-ақ азаматтарды вакцинациялау мәселесі қаралып жатыр.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтарға карантинге байланысты 42 500 теңге төлене ме деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. «Қазақстан өңірлерінде жекелеген қызмет түрлеріне және қысқа мерзімге, негізінен демалыс күндеріне шектеу шаралары енгізіліп жатыр. Бүгінде бизнесті қолдау ретінде жеңілдіктер (салық және өзге де есептілікті тапсыру, қызметті тексеруге мораторий) енгізілген. Осыған байланысты 42 500 теңге төлемді қайта бастау туралы мәселе қаралмайды», — деп жауап берді ведомство өкілдері. Айта кетейік, ТЖ режимі мен карантин кезінде қызметке енгізілген шектеулерге байланысты табысын жоғалтқан тұрғындарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге төленген. «Бұл жұмыс істейтін азаматтарды қолдаудың бұрын-соңды болмаған шарасы. Жалпы…
Атырау өзен порты» халықаралық бағытта жүк тасымалдайтын аймақтағы жалғыз кәсіпорын. Мұнда 16 тоннаға дейін жүк көтеретін кран мен өзге де техникалар бар. Бірақ судағы жүк тасымалы жанданбай отыр. Өйткені кедергі көп. Облыста су бетіндегі байланыс тұралап тұр. Былтыр Жайық-Каспий каналының түбін тереңдету жұмыстары жасалғанына қарамастан мәселе толық шешімін таппаған. 2020 жылы жергілікті билік пен демеушілердің арқасында канал сағасы тереңдетіліп, өзен порты 3жарым мың тонна ірі көлемдегі жүк қабылдаған. Бүгінде Қазақстан мен Румыния арасында судағы жүк тасымалына қатысты келіссөздер жүргізілуде. Сондай-ақ, Атыраудан Түркияға өзен порты арқылы күкірт тасымалдауға қызығушылық танытып отырғандар да бар көрінеді. Дегенмен, олардын жузеге асу- аспауы – өзен…
Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Мәдениет Танауов мәлім етті. Оның айтуынша, науқаспен жақын қарым-қатынаста болғаннан 22,5%, қоғамдық көлікте жүрумен байланысты 7,2%, адамдар көп жиналатын орындарға барғаннан 26,9%, вахталық кенттерде жұмыс істейтіндер арасында, тұратын жерінде жұқтыру 43% құраған. «Жыл басынан бері 6546 рейдтік тексеру өткізіліп, 27296 нысан қамтылды. Мониторингтік топтар 213 құқық бұзушылықты анықтады. Ал, наурызда анықталған 64 бұзушылыққа қатысты шағын және орта бизнес нысандарына, жеке тұлғаларға 3 млн 853 мың теңгенің 49 айыппұлы салынды. Бұл айда адамдардың отбасылық шараларға көптеп қатысуынан коронавирус инфекциясы 18 пайыздан 26,9 пайызға жоғарылады» — деді Мәдениет Танауов. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов сақтық шараларын…
Атырауда қаланың жаппай карантинге жабылатыны туралы ақпарат өтірік болып шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. «WhatsApp мессенджерінде Атырау қаласының 2 сәуірден бастап жаппай карантинге жабылатыны туралы жаңалықтың скриншоты тарап жатыр. Хабарламада қаладан шығар жолға блокпостар қойылып, 1 сәуірдің түн жарымына дейін қаладан шығып-кіріп алу керектігі жазылған. Хабарлама шындыққа жанаспайды. Бұл — 2020 жылы жарияланған жаңалықтың скриншоты. Қазір қала айналасында блокпостар жоқ, шығу және кіру жолдары ашық» деп хабарлады Атырау облысының әкімшілігінен. Еске сала кетейік, соңғы тәулікте Атырау облысында КВИ-дың 75 жағдайы анықталған. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының деректеріне сай, Атырау облысы – COVID-19-дың таралу деңгейі бойынша «қызыл» аймақта.
Тағы да сасық иіс. Кеше кешкілік қала тұрғындары жаппай ауада жағымсыз иістің күшейіп кеткендігін айтып, шағымданды. Халықтан түскен шағымға сәйкес, экология департаментінің қызметкерлері тексеріс жүргізді. Нәтижесінде зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары « Квадрат» булану алаңының санитарлық қорғау аймағы сыртынан сынама алып, ауада күкіртті сутектің 12 есе артқанын анықтады. Сонымен қатар, 31 наурыз күні таңғы уақытта «Казгидрометтің» Атырау облыстық филиалының мамандары да ауа сапасын бақылаған еді. Олардың да құрылғылары Загородный, Акимат, Перетаска бекеттерінен күкіртті сутектің рұқсат етілген мөлшерден 19 есе асқандығын көрсеткен. Әлібек БЕКМҰХАМБЕТОВ, Атырау облысы бойынша Экология департаментінің басшысы Қазіргі таңда осы материалдардың сэс управлениесіне жолдадық. Одан басқа біздің департамент жылдың…
Халықты жаппай вакцинациялау сәуірдің екінші онкүндігінде басталады. Мұны облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар айтты. Атырауға сәуір айының алғашқы күндері 3600 доза вакцина әкелінеді деп жоспарлануда. 15 сәуірге дейін облыс тұрғындарына арналған тағы 14 мың доза Sputnik V вакцинасын әкелу жоспарланып отыр. Соған сәйкес, карантиндік шектеулерге қарамастан вакцинациялау пункттері демалыс күндері де жұмыс істейтін болады. Жалпы, 1 ақпанда басталған егу жұмыстарының нәтижесінде, 3532 азамат «Спутник-Ви» вакцинасын салдырды. Оның ішінде 1500-ге жуық дәрігер, 500-дей полицей мен 42 мемлекеттік қызметкер вакцина қабылдаған. Бұлардың қатарына 1413 мұғалімді де қосыңыз. Сондай-ақ, басқармадағылар егер стационарлардағы керуерттердің 70 проценті толған жағдайда, резервте 430 төсек тұрғандығын айтады. Және…
Мемлекет балық өсірумен және өңдеумен айналысатындар үшін кеткен шығындардың 50-на дейін өтейтін болады. Бірақ, белгілі бір түрлері бойынша. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігіне қарасты Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Жүнісов хабарлады. Оның айтуынша, болашақта балықты жасанды жолмен өсіріп, көбейту негізгі және басым бағыт ретінде қарастырылмақ. Бұл табиғи су көздеріндегі жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Сол себепті, Атырау облысында алдағы 10 жылға арналған әлеуметтік бағдарлама әзірленді. Нариман ЖҮНІСОВ, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Осы бағыт бойынша Атырау облысында 2030 жылға дейінгі өңірлік бағдарлама қабылданды. Онда балық өсіру көлемін алдағы он жылдықта 15…
2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстанда жаппай вакцина егу басталды. Қазақстан ресейлік «Спутник V» вакцинасын қолдануда. Вакцина ДДСҰ тарапынан тіркелмесе де, оны бірқатар елдер вируспен күресуде қолданып келеді. «Спутник V» вакцинасын Ресейдің Н.Ф. Гамалеи атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы жасап шыққан. Қазақстанға қаңтардың соңында 22 мың доза болатын алғашқы партия келіп жетті, ал ақпан айынан бастап вакцина егу басталды. Қазақстандағы вакцинация қарқыны көңіл көншітерлік деңгейде емес. Бастапқы жоспар бойынша Денсаулық сақтау министрі А.Цой жыл соңына дейін 6 млн қазақстандықты вакцинациялау жоспарда бар екенін айтқан еді. Алайда бұл жоспар іске аспайтын сынды. Себебі вакцинация басталғанына міне тура екі ай. Ал…
