Автор: Сайт әкімшілігі

Жарты миллиард теңге. Бұл – Атырау облыстық әкімдігіне қарасты 50 қызметтік көліктің жалпы құны. Merzedes-Bens, Skoda,Toyota, Ssang Yourg Chariman, Chevrolet Captiva, Hyundai, KIA  маркілі машиналар. Олардың жүріп-тұруы  үшін қазынадан биыл 120 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген.  Президенттің тапсырамасын облыстық әкімдіктін қалай орындағандығын білу мақсатында  сұраныс жібергенбіз. Бірақ облыс әкімі аппаратының жетекшісі Болат Исаковтың қолымен екіұшты жазбаша жауап алдық. Қазіргі уақытта  Қаржы министрлігі мемлекеттік органдардың қызметтік көліктеріне талдау жүргізіп жатыр. Сол жұмыстардың қорытындысына сәйкес, басшыларды қызметтік көлікпен жаңа тәсіл бойынша қамтамасыз ету жағы қарастырылып, Үкіметке ұсыныстар берілетін болады  Ал халық пандемия белең алған тұста ақжағалылардың жүріс-тұрысына миллиондаған қаржыны бөлу дұрыс емес…

Read More

Негізінде шариғат бойынша кез келген нәрсе табиғи жолдар (ауыз, мұрын, тік ішек) арқылы ішке кірсе, оразаны бұзады. Ал дене арқылы кірсе, оразаны бұзбайды. Бұл туралы «Фәтауа Һиндия» кітабында «Терідегі ұсақ тесіктер арқылы май секілді заттың ішке кіруі оразаны бұзбайды» делінген, деп мәлімдеді ҚМДБ баспасөз қызметі. «Қазіргі заман ғалымдары екпе арқылы салынатын дәрілерді ас-су сияқты денеге азық, қуат болатын және емделу үшін (денеге қуат, азық болмайтын) етіп, екіге бөліп қарастырады. Олар: «Тері астына және бұлшық етке емделу үшін (денеге қуат, азық болмайтын) ине салса, ауыз ашылмайды», – деп айтады. Бірақ көк тамырға екпе салу (қан құюдан басқа) мәселесінде ғалымдардың көзқарасы әртүрлі.…

Read More

8 сәуірде қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірлеген қарыз алушыларды оңалтудың жаңа тетігі іске қосылады. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.  ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов бұл саладағы саясат банктердің де, қарыз алушылардың да шектен тыс кредиттік тәуекелдерін болдырмауға, банктерді тәуекелі аз қарыз санаттарына қайта бейімдеуге және қазақстандықтардың жинақталған борыштық жүктемесінің өсуін шектеуге бағытталғанын атап өтті. Әбдірахмановтың айтуынша, мерзімі өткен борыштың өсуіне жол бермеу үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап кепілсіз тұтынушылық қарыздар мен микрокредиттер бойынша айыпақылар мен комиссияларды есептеуге тыйым салу түрінде реттеу шаралары қабылданды. Бұл мерзімі 90 күннен асқан берешегі бар азаматтарға қатысты.…

Read More

Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «қызыл» аймақта. Бұл туралы ATPress.kz хабарлайды. Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 80 адам тіркелген.  Теңіз кенішінде 15 адамнан болса,Құрманғазы – 4, Махамбет – 3 және Исатай ауданында 1 адамнан инфекция анықталған. Covid-19 инфекциясын жұқтырған 37 науқаста ауру симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 54 адам емделіп шықты. Айта кетейік, қазіргі уақытта 278 адам үй жағдайында емделуде. Модульдік стационарда 164, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 38 адам ем қабылдауда. Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 261 адам ем қабылдауда.

Read More

Атыраулық Құралай Долдашеваның ұлы сал ауруына шалдыққан. Айтуынша, кішкентай Қанат 6 айлығында қатты ауырып, ауруханаға түскен. Кейін дәрігерлер сәбиге ишемиялық инсульт деген диагноз қойыпты. Баланың сол жақ қол-аяғы жұмыс істемей қалған. Қазір Қанат анасымен бірге Атырау облыстық балалар ауруханасы жанынан ашылған оңалту орталығында тегін ем-дом алып жүр. Жыл басында ашылған орталық  Қанат секілді сал ауруына шалдыққан балаларды 4 лекпен қабылдайды. Яғни, 21 күн сайын 50 бала емге келеді. Олардың 25-і күндізгі стационарда болса, қалғаны тәуліктік стационарда жатып ем алады. Қазір облыста церебралды салу ауруына шалдыққан 870 бала бар. Ақ халаттылар балалардың бұл дертке шалдығуына ата-ананың жүктілікке салғырт қарауы, нақтырақ айтқандағы…

Read More

Соңғы екі күнде атыраулықтар ауада жағымсыз иіс пайда болды деп шағымдануда: меркаптан ба, шіріген жұмыртқаның ба, кәріз суларының ба — әйтеуір қолқаны қабатын түрлі иіс шықты.  Біз атмосфералық ауаның сапасы туралы нақты уақытта ағымдағы мәлімет берілетін «Қазгидромет» РМК сайтын қарап көрдік. Көрсеткіштерден адам шошиды. Сонымен, 30 наурызда кешкі сағат 18-де ПНЗ №8 (Химпоселок) ауданында РМ бөлшектерінің көбейгені тіркелді, ал Перетаска аймағында көміртегі тотығының (СО) мөлшері 4466 еседен асты (!). — Википедияға сүйенсек, бұл көміртегі тотығы. №5 (Сәтбаев-Владимирский) және №6 (ескі әуежай) ПНЗ аймағында азот оксидінің (NO2) мөлшері 324 есе көбейгені тіркелді. Атмосфераға жайылып кететін азот оксиді қоршаған ортаға үлкен қауіп…

Read More

Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Сүйіндік Алдашев теңіздегі жедел-құтқару қызметін құруды ұсынды. Осы орайда Премьер-Министрдің атына осындай депутаттық сауал жолдады. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды. Оның айтуынша, өткен жылы Каспий теңізінің қазақстандық секторында 15 млн тонна мұнай өндірілді, оның 2,2 млн тоннасы Ақтау порты арқылы тасымалданды. Одан басқа, 2020 жылы кемелер Ақтау және Құрық теңіз порттарына 1 283 рет кірген, ал 2025 жылға дейін бұл көрсеткіш 2 есе артады деген жоспар бар. Сенатордың пікірінше, мұның бәрі Каспий теңізінің ластану қаупін арттырады және қазір белсенді шаралар қабылдау аса маңызды. Осындай шаралардың бірі теңіздегі жедел-құтқару қызметін құру болуға тиіс. «Каспий теңізінің ластануының негізгі…

Read More

Жаңаөзен қаласында тұрғындардың жұмыспен қамтылуына ықпал ету мақсатында «Жұмыс жасаймын» жобасы іске асырылуда. Бұл туралы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Биыл 1 сәуірден Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрған азаматтарды «Жұмыс жасаймын» жобасы арқылы жұмыспен қамту жоспарлануда. Қазіргі уақытта жұмыссыздар кезегінде 76 адам тұр. Олардың ішінен 28 адамға «СтройПластАктау» ЖШС мекемесі, 48 адамға «Korkem Alem» ЖШС мекемесі жұмыс береді. Бұдан бөлек, Рахат ауылында сиымдылығы 300 орындық мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарында 85 адам, Қызылсай ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысында 85 адам жұмыс істеп жатыр. Қалалық жұмыспен қамту орталығының мәліметінше мұндай шаралар жүзеге асыру арқылы қаладағы жұмыссыздық мәселесі кезең-кезеңімен шешу жоспарланып…

Read More

Коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі жиын барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың жұмысына көңілі толмайтындығын ашық айтты. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды. «Еңбек ұжымдарында, жекелеген жұмыс майдандарында коронавирустың бірнеше мәрте өршігенін ескере отырып, кәсіпорындардың, әсіресе жүйелі әрі қала құраушы кәсіпорындардың жұмысшыларын белсенді иммундау қажет. Вакцинацияның ұзаққа созылуы – бұл абсрактілі емес проблема. Сөз елдің ұлттық қауіпсіздігі жайында болып отыр. Бұл қосымша науқастар және азаматтарымыздың өлім-жітімі. Бұл бизнестің табыстан айырылуы, бюджетке салықтың толық түспеуі, ұлттық байлықтың жалпы төмендеуі», — деді Мемлекет басшысы. Осы ретте ҚР Президенті еліміздің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың жұмысына көңілі толмайтындығын ашық айтты. «Алексей…

Read More

Атырауда саудагерлерден ақша бопсалап, күш көрсетті деген айып тағылған спортшылар 7 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Сотталушы үшеу ережесіз жекпе-жектен Қазақстанның туын көкке көтерген спортшы.Олар ҚР ҚК-нің «Қорқытып алу», «Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оларға басшылық ету» мен «Қаруды заңсыз сақтау немесе алып жүру» секілді 3 бабы бойынша айыпталды. Алайда айыпталушылардың жақындары мен шәкірттері үкіммен келіспейтіндіктерін білдірді. Айтуларынша, қазақ елінің абыройын халықаралық жарыстарда жарқыратын жүрген жандардың жаман іске баруы мүмкін емес.  Әнуарбек БАТАЕВ, спортшы Асқар Үмбетов ағайымыз көптеген әлем чемпиондары мен Қазақстанға танымал чемпиондарды шығарып жүрген ағайларымыздың бірі. Ол өзінің патриоттығымен, өз отбасын тастап, Қазақстанның туын көтерген азаматтардың бірі. Бала кезімізден…

Read More