Қазақстанның Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов 85 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Қабдеш Жұмаділов – 1936 жылы 24 сәуірде ҚХР, Шыңжаң өлкесі, Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданында дүниеге келген. Қазақстанның халық жазушысы. Шәуешек гимназиясын бітіріп, жолдамамен ҚазҰУ-не (1956) түседі. 1958 жылы Қытай үкіметі органдары кері шақырып алады. Кейін 1962 ж. Бақты шекарасын бұзып өткен қазақ жастарымен Қазақстанға біржола оралған соң, ҚАЗҰУ-тін бітірді (1965). (24.04.1936 ж. т.) – жазушы, Қазақстанның халық жазушысы. Оның «Жас дәурен»өлеңдер, «Қаздар қайтып барады», «Сары жайлау», «Шарайна», «Сәйгүліктер» әңгіме, повесть жинақтары, «Көкейкесті», «Бақыт жолында», «Атамекен» т. б. романдары, «Соңғы көш» оқырман қауымға жақсы таныс. Жұмаділовке Шығыс Түркістандағы қазақтардың өмірі мен азаттығы жолындағы…
Автор: Сайт әкімшілігі
Маңғыстау облысында вакцина салдыратын 7 пункт жұмыс істейді. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайт хабарлайды. Олардың үшеуі Ақтау қаласында орналасқан: №1 Ақтау қалалық емханасы Мекен-жайы: Ақтау қаласы, 7 шағынаудан, №35 «А» ғимарат Жұмыс кестесі: 08:30-12:30, 14:00-18:00 сағат (дүйсенбі-жексенбі) Байланыс телефоны: 7 (778) 38-15-955 (Дана), 7 (702) 245-34-33 (Әлия). №2 Ақтау қалалық емханасы Мекен-жайы: Ақтау қаласы, 26 шағынаудан, №71/3 ғимарат Жұмыс кестесі: сағат 08:00-13:00, 14:00-17:00 (дүйсенбі-жексенбі) Байланыс телефоны: 7 (7292) 21-02-15, 7 (701) 478-83-14 (Ардақ) “Нейрон” ЖШС Мекен-жайы: Ақтау қаласы, 14 шағынаудан, № 82 ғимарат Жұмыс кестесі: сағат 09:00-12:30, 14:00-17:00 Байланыс телефондары: 7 (7292) 33-33-12, 7 (708) 311-31-98 (Самал Ізбасарова) Мұнайлы аудандық ауруханасы…
Атырау облысында коронавирустық инфекциямен ауырғандар саны өсуде, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Өткен тәулікте Атырау қаласынан қауіпті індет жұқтырған 79 науқас тіркелген. Ал, Теңіз кен орнындағы скрининг нәтижесінде 16 науқастан инфекция табылды. Сондай-ақ, Жылыой ауданынан 4, Индер ауданынан 10, Құрманғазы ауданынан 2 адамнан коронавирус анықталған. Коронавирустық инфекцияға шалдыққан 45 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 69 науқас сауығып шықты. Қазіргі уақытта 454 пациент үй жағдайында, 175 адам модульдік ауруханада, 55 науқас аудандық инфекциялық стационарларда ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 255 адам емделіп жатыр. Айта кетейік, Атырау облысы – коронавирустық инфекцияның таралуы…
Атырауда коронавирустың екі жаңа штамы анықталды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев айтты, — деп хабарлайды «Прикаспийская коммуна». Штамм үлгілері елордаға жіберілді. Бұл штамның бразилиялық, ұлыбританиялық немесе оңтүстікафрикалық екені әлі белгісіз. Атырау облысының бас санитария дәрігері Мәдениет Танауовтың айтуынша, республикалық зертханаға мутация анықталған 21 сынама жіберілген. Атырау облысында 2 сәуірде 110 адамнан коронавирус табылған.
Қария өз ажалынан қайтыс болған. Атырау облысындағы жұртшылықтың жағасын ұстатқан қылмыстық істің нүктесі қойылды. Махамбет ауданындағы қайтыс болғасын сарайға жерленген ер адамның мүрдесінен ұрып-соқып, қинау белгілерін таппаған полиция департаменті қылмыстық істің қысқарғанын мәлімдеді, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. Нақтылай кетсек, биыл қаңтар айында аталған ауданға қарасты Таңдай ауылындағы 82 жастағы адамның денесі сарайдан табылған еді. Белгілі болғандай, ол қарындасының қолында тұрған. Көршілері қария аяқ асты жоқ болып кетіп, сарайдан жағымсыз иістер шығып жатқасын полицияға хабар береді. Бұл жөнінде inbusiness.kz порталында жазылған болатын. «Тағайындалған сараптамаға сәйкес, ер адамның мүрдесінде дене жарақатының іздері анықталмады. Сол себепті қылмыстық құрамның болмауына байланысты іс тоқтатылды», -…
Бұл вакциналар жабық әлеуметтік мекемелердің студенттері мен қызметкерлеріне арналған. Айта кетейік бұған дейін медицина және полиция қызметкерлері екпе алған болатын. Дегенмен олардың вакцинаны әлі толықтай алып болмауы себепті егу жұмыстары жалғаса бермек. Ал әкелінген вакциналар Атырау облыстық патологоанатомиялық бюросының қоймасында сақтаулы. 1 ақпаннан бері «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентін 3 600 адам салдырған. Ал екінші компоненті 1 255 адамға егілді. Осылайша, шілде айына дейін 60 мыңға тарта атыраулық екпе алады деп жоспарланып отыр. Жарқынай Қанатова
Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақасының, зекет пен підияның мөлшері анықталды. Бұл туралы muftyat.kz хабарлайды. Биыл пітір мөлшері 420 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров тарауық намазында санитарлық талаптарды сақтай отырып қысқа сүрелер оқу, ауа райы қолайлы аймақтарда мешіт ауласында өткізу, Рамазан айында Құран хатым жасайтын топтар құрып, жамағатты сауапты істерге жұмылдыру жағына басымдық беру туралы айтты. Сондай-ақ Батыржан Мансұров қасиетті айда онлайн және…
Коронавирус індеті 2021 жылы аяқталуы екіталай. Алайда, жазда аурудың айтарлықтай төмендеуі мүмкін, өйткені коронавирус маусымдық сипатқа ие. Бұл туралы Ресей ғылым академиясының академигі Виктор Малеев айтты. «Пандемия, әрине, ерте ме, кеш пе аяқталады, бірақ менің ойымша, ол биыл болмайды, дегенмен оның аяқталуын ДДҰ жариялайды. Алайда коронавирус маусымдық сипатқа ие, бұл туралы көптеген дәлелдер бар. Бұл өткен жылдың жазында, Ресейде және басқа елдерде ондай жағдайлар аз болған кезде айғақталды. Мүмкін, биыл да осындай болуы мүмкін», — деді Малеев. Ол әлемде коронавируспен сырқаттанушылықтың артуы байқалатынын атап өтті. Еуропа елдерінде сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалмайды, сонымен қатар Африкада және бірқатар азиялық елдерде жағдай төмен, тестілеу деңгейі…
Коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі жиын барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салықтық және кедендік берешектерді мәжбүрлеп өндіріп алуды тоқтата тұру керектігін айтты. Бұл туралы Egemen.kz хабарлайды. «Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банкке экономиканың зардап шеккен секторларындағы шағын және орта бизнестің кредиттері бойынша төлемдерін кейінге шегеру мүмкіндіктерін пысықтауды тапсырамын», деді Президент. Сонымен қатар Мемлекет басшысы ең алдымен Үкіметке зардап шеккен салалардағы шағын және орта бизнес субъектілері үшін жекелеген салықтар мен төлемдерді төлеуді кейінге шегеру мәселесін жедел пысықтауды тапсырды. «Екіншіден, салықтық және кедендік берешектерді мәжбүрлеп өндіріп алуды тоқтата тұру керек. Бұл шаралар шын мәнінде жаппай вакцинациялау басталғанға және шектеулердің басым бөлігі…
Маңғыстауда Мұнайлы және Қарақия аудандарындагы кейбір кәсіпорынның басшылары су тұщыту зауытына 400 млн. теңге қарыз. Қос ауданның шенеуніктері мемлекеттен бөлінген субсидия есебінен де есепшот бойынша төлеуге асықпай отырган көрінеді. Ләйлә АЛИЕВА «Каспий ӘКК» Басқарма төрағасының м. а. Бүгінгі қарыз екі мекеменің қарызы. Тікелей зауыттан су алып отырған екі мекеме, екі аудандағы. Ары қарай олар халыққа таратады ол суды. Енді мезгілінде халықтанда ақша жинау қиын шығар. Одан басқа жергілікті бюджеттен ақша бөлінеді. Сусидия. Уақытында субсидиясын алып отырса, зауыттың қарызы жабылады ғой. Ләйлә Алиеваның айтуынша, мемлекеттен бөлінетін субсидия ауданның негізгі қарызының 70% жаба алар еді. Бірақ, кәсіпорын басшыларының немқұрайлылығынан қарызды азайту максатында…
