Қазақстанда қыркүйекке дейін 10 миллион адамға вакцина салу жоспарланып отыр. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин айтты. Премьер-министр сәуір, мамыр және маусымда барлығы 6 миллион адам коронавирусқа қарсы вакцина салдыратынын айтты. Айына 2 миллион адамды вакцинациялау жоспарланған. «Қыркүйекте екпе салдыратын бірінші топтағы 10 миллион адамды вакцинациялау жоспарланып отыр. Осыдан кейін ұжымдық иммунитетті қалыптастырамыз деген үміттеміз», — деді Мамин Үкімет отырысында. Бұған дейін 10 миллион адамға коронавирусқа қарсы вакцина салу жоспарланғаны хабарланған болатын. «Сонымен қатар жекелеген бағыттар бойынша жұмысты күшейту қажет. Денсаулық сақтау министрлігіне, әкімдіктерге шара қабылдауды және белгіленген жоспарға сәйкес өңірлерге вакцина жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырамын. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі…
Автор: Сайт әкімшілігі
5 сәуір күні кешке Ақтауы халықаралық әуежайы аумағын полиция қоршауға алды. Бұл туралы куәгерлер түрлі ақпарат таратты. Әуежайға келушілер эвакуацияланды. Жағдайға қатысты түрлі нұсқалар айтылды. Кейбіреудің айтуынша, әуежайға күдікті зат қойылғаны туралы хабарлама түскеннен кейін аумақ қоршалған. Бұл туралы «Лада» басылымы жазды. «Шымкенттен келген FlyArystan әуекомпаниясының ұшағында коронавирус жұқтырған адам болған. Ұшақ оқшауланған тұраққа қойылды. Бір сағат уақыт жолаушыларды шығармады. Санитарлық-эпидемиологиялық және басқа қызметтердің келуін күтеді. Жолаушылар жағдайға наразылық білдірді», – деді басылымның дереккөзі.
Полиция генерал-майоры, Атырау облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Аян Дүйсембаев Төтенше жағдайлар министрлігі Өрт сөндіру қызметі комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. «Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Дүйсембаев Аян Сәбитұлы өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды», – деді министрліктің баспасөз хатшысы Талғат Уәли. 2019 жылдың мамыр айының басында Аян Дүйсембаев полиция генерал-майоры лауазымына көтерілді. Бір аптадан кейін әлеуметтік желілерде видео пайда болды. Видеода мереке кезінде Аян Дүйсембаевқа ат мінгізіп жатқаны көрсетілді. Еске сала кетсек, желіде Атырау облыстық полиция департаменті басшысына қатысты видео тараған еді. Оқиғадан кейін қызметтік тексеріс жүргізіліп, Аян Дүйсембаевты қызметінен босату ұсынылды. Артынша полиция басшысы қызметінен босатылды. 2018 жылы ол БАҚ назарына Минскідегі казинолардың…
Кредит алу үшін несиені жапқанына 1 жыл болу керек. 8 сәуірден бастап банктердің «қара тізіміне» енгендердің қайтадан несие алу мүмкіндігі бар. Бұл туралы Аtameken Business хабарлайды. Енді қайтару мерзімі 90 күннен асқан кредиттер «қалыпқа келтірілді» деген мәртебе алады. Кредит алу үшін қойылатын басты талап: несие жабылған кейін тура 1 жыл өту керек. Оған қоса осы аралықта басқа проблемалы қарыздар болмауға тиіс. Несиені рәсімдеу үшін Арнайы құжаттар керек емес. Кредиттік бюро мәселені өздігінен реттейтін көрінеді. Бұған дейін, «қара тізімге» іліккен азаматтар тәуекелі жоғары деген санатқа жататын. Сондықтан оларға ешқандай несие берілмейтін. Ал қарызын әлі төлеп бітпегендер үшін сотқа дейінгі реттеудің жаңа…
Қаладағы көлік қозғалысы жиі болатын Сұлтан Бейбарыс даңғылының бір бөлігі 5 күнге жабылды. Кешеден бері қозғалыс тоқтаған көшеде «Атырауинжстрой-Аис» ЖШС жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Нақтырақ айтсақ, қалыңдығы 5 см болатын 440 метрді құрайтын учаскеге ұсақ түйіршікті асфальт төселуде. Яғни, Бигелдинов көшесімен Құрманғазы көшесінің қиылсы. Жоспарға сәйкес, жөндеу жұмысы 8-сәуірде аяқталуы керек. Қазіргі таңда жол көлік инфрақұрылымын дамыту және жол кептелісінің алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан жұмысқа 25-ке жуық техника жұмылдырылған. Нұрбол ЖАНПЕЙІСОВ, Атырау қалалық ТКШ бөлімінің өндірістік техникалық секторының бас маманы Осы жұмыстар аяқталысымен Сұлтан Бейбарыс даңғылы қолданысқа тапсырылады. Сонымен қатар, елбасымыздың «Қазақстан-2050» стратегиясының іске асыру мақсатында жұмыспен қамту жол…
Жергілікті шаруалар мал азығын өздері егіп, өсіруге бет бұрды. Биыл облыс бойынша тұқым себілетін 9523 гектар алқаптың басым бөлігі екпе шөптерге берілетін болады. Жалпы осы жылы мұнайлы өңір диқандары 2100 гектар жерге картоп, 2700 гектарға көкөніс егуді жоспарлапты. Дегенмен, соңғы 4 жыл қатарынан келген құрғақшылық өңірдің егіс саласына өзгеріс әкелді. Енді шаруалар мал азығын егуді қолға алатын болады. Биыл қыр төскейіне 390 ауылшаруашылығы құрылымы шықты. Климаттық ерекшелікке байланысты ылғалды үнемдеу мақсатында барлық егістік тамшылатып және жаңбырлатып суару технологиясына негізделген. Биыл осы әдіспен егілетін алқап көлемі тағы 770 гектарға артатын болады. Сондай-ақ, егіске кеткен шығынды субсидиялауға мемлекеттен 262 млн теңге қаралып…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Бірқатар лауазымды тұлға қызметтерінен босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу электронды форматта өтеді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты. «Білім және ғылым министрлігі білім саласын ары қарай жетілдіру бойынша бірқатар жұмысты атқаруда. Соның ішінде ашықтықты, адалдықты қамтамасыз ететін цифрландыру процесіне көшкеніне біраз уақыт болды. Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуді электронды форматта өткізілуі жоспарланып отыр. Өздеріңізге белгілі 2004 жылдан бері ҰБТ қағаз форматта өткізіліп келеді. Бастапқы уақытта Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу өзімен екі функцияны алып жүрді. Біріншіден, мектеп бітіруге байланысты қорытынды аттестау жұмыстары және мектеп біртіргендігі жөнінде аттестат алу үшін, сондай-ақ жоғары оқу орнынан түсуге мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу функциясын алып жүрген болатын», -…
3 сәуірден бастап облыс халқына коронавирусқа қарсы екпе салу басталды. Облыстағы 22 егу пункті демалыссыз жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Бұл туралы Атырау облысының Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев мәлім етті. Спикердің айтуынша, ағымдағы жылдың 3 сәуірінен бастап Атырау облыстық санитариялық, эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 24-27-03/346 хатына сәйкес «Спутник V» вакцинасы халықты жаппай вакцинациялау үшін пайдаланылатын болады. Қала, аудан тұрғындары, кәсіпорындарда вахталық әдіспен жұмыс істейтін және басқа да санаттағы адамдар кіреді. «Ағымдағы жылдың 3 сәуірінен бастап барлық егу пункттері демалыссыз жұмыс істейтін болады. Вакцинаны…
Маңғыстау аймағындағы Бозжыра шатқалының ғарышқа ұқсас керемет көрінісі көрген көзді сүйсіндіріп, көпшіліктің таңданысын тудырады Бозжыра шатқалы Маңғышлақ түбегіндегі Үстірттің батыс бөлігінде орналасқан. Ол Ақтау қаласынан үш жүз шақырым қашықта жатыр. Бұл жердің таңғажайып тастақты және жартасты аймағы ғарышқа ұқсас ландшафтарды еске түсіреді. Кейбір саяхатшылар Бозжыраны АҚШ-тағы Үлкен каньонмен салыстырып, оны «Қазақстандық Аризона» деп атайды. Шатқал – бұл әртүрлі өлшемдер мен пішіндердегі тау жыныстары түзілімінің жартасты жотасы. Бозжыра тауының биіктігі 287 метрге жетеді. Бозжыра шатқалындағы «Азу» деп аталатын әктастың екі шың – осы өлкені визит картасы десе де болады. Сондай-ақ, шатқалдағы таулардың пішіні киіз үйге, сүңгуір қайық пен бекініске, тіпті құзар…
