Автор: Сайт әкімшілігі

«Атырау Нефтемаш» ЖШС-ң жұмысшылары жалақыларының кешіктіріліп жатқандығына наразы. Бұл жағдай бірінші рет орын алып отырған жоқ дейді олар. Тіптен ұзақ уақыттан бері  жұмыс беруші тарап азаматтардың медициналық сақтандыруына, зейнетақы қорына төленетін төлемдерді жасамаған.  Әуел баста жұмысшылар еңбекақыларын алып жүрсе, қаңтардан бастап жұмысшыларға келісім ақымен еңбек етуге ұсыныс түскен. Бұған көнбегендерге басшылық «жұмыстан боссың» деген көрінеді. 300 ден астам адам қызмет ететін кәсіпорында жалақы бірінші рет кешіктіріліп отырған жоқ. Былтырдың өзінде мекеме жұмысшыларына 56 миллион теңгеден астам қарыз болып, заң жолымен ғана төленген. Ал «Атырау НефтеМаш» ЖШС директоры қысқа да нұсқа сойлеп, қаржының жоқтығын ашып айтты. Сондай-ақ, жұмысшылар таңған ешбір айыптауға…

Read More

Әлеуметтік желіге вакцина салдырып, бір күн өткеннен кейін қайтыс болды деген ақпарат беретін видео жүктелді. Бұл туралы  KzNews.kz хабарлайды. Видео авторлары «Вакцина салдырған азаматша қайтыс болды! Алматы облысы ст.Чемолған Тұрар ауылы» деп жазған. «Кеше вакцина салдырған, түнде қалтырап жаураған, кейін қайтыс болды» деп пікір айтты қайтыс болған адамның туысқаны. Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы бұл туралы әлі ресми хабарлама таратқан жоқ.

Read More

Алматыда балаларда кездесетін коронавирус белгілері мен жұқтырған жағдайда әрекет ету алгоритмі жайлы айтылды. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды. Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Лаура Мырзағали өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте коронавирустың өршуіне байланысты көптеген ата-аналарда өз балалары үшін алаңдаушылық туындағанын айтты. Ол аурудың алғашқы белгілері – балаларда дене температурасының көтерілген жағдайда қайда жүгіну керектігін айтты. Алматының барлық тұрғындарының телемедицина орталығына 3000-505 немесе 1312 телефондары бойынша (ұялы телефондардан тегін) өз бетінше хабарласу мүмкіндігі бар. — Сондай-ақ, тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханаға баруға және мобильді бригаданы шақыруға болады, — деді Лаура Мырзағали. Кішкентай балалар иіс сезуді жоғалтқан кезде, оны түсіндіре алмайды, сондықтан,…

Read More

Жергілікті журналистердің бір бөлігі COVID-19-ға қарсы вакцина алды. Олар алдымен өздерінің белгілі бір аурумен ауыратындықтары немесе ауырмайтындықтары туралы қойылған сұрақтарға жауап беріп, сауалнама толтырды. Одан кейін дәрігерлер дене қызуы мен қан қысымын өлшеп, қандағы оттегі мөлшерін де анықтады.  Дәурен МАҚЫМ, журналист  Алуға шешім қабылдаған себебім, тарихта қайбір кезеңді алып қарасаңызда эпидемияның, пандемияның, қандай да бір қатерлі жаппай аурулардың алдын-алу, бұл жаппай вакцинациялану, ұлттың халықтың жаппай вакцинациялануы. Сондықтан да, өзінің Отан алдындағы, отбасы алдындағы, қоғам алдындағы, өзге адамдар алдындағы жауапкершілігін сезіне алатын әрбір азамат бұл вакцинаны қабылдау керек деп есептеймін.   Надежда ШИЛЬМАН, журналист  Менің вакцина алуыма себеп– бұрынғы үйреншікті өмірге тезірек…

Read More

Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысы болып Қартбаев Бердібек Кенжебекұлы тағайындалды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Бердібек Кенжебекұлы 1989 жылы туған. Білімі жоғары. 2010 жылы О. Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжінде, 2013 жылы С.Бәйішов атындағы Ақтөбе университетінде білім алған. Еңбек жолын Жаңаөзен қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің инспекторы қызметінен бастаған. 2016 жылы Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мемлекеттік мекемесінің бас маманы, кейінгі жылдары аталған басқармада бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі…

Read More

Жаңа Қаратон балабақшасында орын алған жағдайға байланысты іс қозғалды.  Бұл туралы Atr.kz хабарлайды. «Қазіргі уақытта бүлдіршінге қысым көрсеткен тәрбиеші ісі құзырлы органдар бақылауында» деп хабарлайды Жылыой аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі. Оқиға 29 наурыз күні орын алған. Әлеуметтік желілерде тараған видеода Құлсары қаласы, Жаңа Қаратон кентінде орналасқан «Балдырған» балабақшасы тәрбиешісінің 4 жасар бүлдіршіннің шашынан тартып, сүйреу фактісі анық көрінеді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша «Атырау облыстық Жылыой аудандық білім бөлімі» мекемесі тексеру жүргізуде. Осыған байланысты, мекеме тарапынан құрылған комиссия жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, Жылыой аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 140 бабы, 2 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Read More

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық вакцина салдырады. «Президент қыста берген тележолдауында мен вакцина салдырамын және барлық азаматтарды вакцина салдыруға шақырамын деді. Мемлекет басшысы өз сөзінде қазақстандық вакцинаны саламын деген болатын. Жалпы салу ойында бар. Ол туралы дер кезінде құлағдар боласыздар деп ойлаймын», — деді Берік Уәли Хабар 24 телеарнасына берген сұхбатында.

Read More

Бүгін, 6 сәуірде Маңғыстау облысында қатты жел мен құмды дауыл тұрды. Жүргізушілер қолайсыз ауа райын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратып жатыр.  Бұл туралы  Lada.kz басылымы хабарлайды. Жүргізушілердің айтуынша, құмды дауыл салдарынан тасжолды көру мүмкін емес. Алайда полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі барлық тасжол көлік қозғалысы үшін ашық. Желідегі кадрлардан ауа райының көлік көзғалысы үшін кедергі екенін көруге болады. Еске салайық, құмды дауыл Маңғыстауда екі күн бойы соғып тұр. Бұған дейін сәуірдің ортасында соққан. Ол кезде ауа райының қолайсыздығынан Қазақстан, Ресей және Өзбекстан шекарасында 350-ден аса жүк көлігі тұрып қалды. Ал Маңғыстаудағы «Тәжен» өткізу бекетінде 150 жүк көлігінен ұзын-сонар кептеліс пайда…

Read More

Ақтауда  төрт бірдей кафе иесіне айыппұл салынды. Өйткені, дәмхана  қожайындары демалыс күндері карантин  талаптарын өрескел бұзып, келушілерге түнгі сағат 3-ке дейін қызмет көрсеткен. Заңбұзушылықтар Ақтау қаласының әкімдігі мен  тәртіп сақшылары бірігіп жүргізген мониторинг барысында  анықталды. Видеодан  кафе -барлардың адамға лық толы, маскалық режим мен ара қашықтықтың мүлдем  сақталмағандығы көрінеді. Клиенттер мониторингтік топ мүшелерін көре салысымен  бәрі  жан-жаққа жапа- тармағай қаша жөнелді.  Әлібек Әділқожа, Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы — Бұдан былай тағы да қайталанатын болса, онда қолданыстағы заңамаға сәйкес кәсіп иелерінің қызметін уақытша тоқтату жөнінде қатаң шара қолданылмақ.

Read More

2015 жылы француз парфюмерия зауыттарына лаванда отырғызуға бөлінген Индер ауданындағы 1500 гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл жер қатынастары басқармасының бастығы брифингі барысында айтты. Оның айтуынша, бұл жер NAVA GRA ЖШС жалға алынған, оның 75% -дық үлесімен Франция азаматы және 25% -бен Қазақстан азаматы иеленген. Бұл туралы «Ақ Жайық» басылымы жазды. Бұл жер учаскесі 2015 жылы Франция азаматына 25 жылға жалға берілген. Яғни, бұл 2016 жылға дейін, ауылшаруашылық жерлерін сатуға және жалға беруге бес жылдық мораторий қабылданғанға дейін болған», – дейді Ермекқали. Оның айтуынша, бұл Атырау облысында ауылшаруашылық жерлерін шетелдік азаматқа жалға беру бойынша жалғыз факт. Сонымен қатар, өткен жылы облыста 160…

Read More